«ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру
АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ – бұл реформа еңбек қатынастарын «ақтаудың» пәрменді құралына айналады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2023 жылдың басынан бастап облыс бойынша 15 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 10 бұзышылық анықталды, соның 5-і еңбек қатынастары бойынша, 5-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша.
3 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 552 мың. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2023 жылдың қаңтар айы ішінде өндірісте 1 жазатайым оқиға орын алып, 1 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 2 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 7 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 61 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша - 50, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 11. 188 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.