Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейту мәселелері қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға ықпал ететін осы саладағы заңнаманы жетілдіруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Бұл қоғам өмірін қамтамасыз ету және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандыруды көздейді.
Мемлекеттік қызмет қоғам мүддесіне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға жәрдемдесуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды міндеттейді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Қоғам мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттері мен функцияларын Заңдарға сәйкес адалдықпен және тиімді түрде орындайтынына сенеді.
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жоғары талап қояды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталады.
Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу ережелері көрсетілген.
Әдеп кодексінің нормалары мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне қойылатын ерекше талаптарды, алайда көңілге қонымда орындалатын талаптарды айқындайды.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің бет бейнесі болып табылады және қоғам алдында, қоғамдық орындарда үлгі болатындай мінез құлық көрсетуі тиіс.
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қарым-қатынасының өзіндік барометрі болып табылатын мінез-құлық мәдениетімен өзара байланысты қарым-қатынас мәдениеті ұғымы. Мінез-құлық нормаларын білу және оларды ұстану, ұстамдылық және өз іс-әрекеттерін басқара білу, адамдарға назар аудару және құрметтеу-бір сөзбен айтқанда, қоғамда әдептілік деп саналатын барлық нәрсе адамның мінез-құлық мәдениетіне жатады және әдеппен реттеледі.
Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру белгілі бір дәрежеде олардың қызметтен тыс уақыттағы, оның ішінде қоғамдық орындардағы мінез-құлқына байланысты екенін мойындау керек.
Осыған байланысты, Қызметтік әдеп қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануы, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін масаң күйде болуға жол бермеуі, қарапайымдылық танытуы, тиісті қызметтер алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланбауы, өз тарапынан талаптардың бұзылуына жол бермеуі, өз тарапынан қоғамдық имандылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен ұштасатын заңнама талаптарын бұзуға жол бермеуге және басқа азаматтарды құқыққа қарсы қоғамға жат әрекеттер жасамауы тиіс.
Этикалық кодекс жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларының басқа жақтарын да қамтиды. Мысалы, Кодексте мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның сыртқы келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, ресми, ұстамдылық пен дәлдікпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі тиіс деп айтылған.
Ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуал, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынас әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысына оң әсер етеді, нәтижесінде мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыратыны ешкімге де құпия емес.
Мінез-құлық стандарттары жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілік пен өзін-өзі бақылауды талап етеді, бұл жалпы мемлекеттік қызметтің имиджіне оң әсерін тигізетінін айта кету керек.
Басқарма Әдеп нормалары мен мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
Бұдан басқа, тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық сервисінің «Арнайы есепке алу» дерекқорына мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы бойынша мониторинг жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі С.М. Серікбаев азаматтарды қабылдауды әр аптаның бейсенбі күні сағат 15-00-де жүргізеді. Облыс аудандарының тұрғындары үшін күн сайын сағат 17.00-ге дейін.