«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2022 жылдың басынан бастап облыс бойынша 349 кәсіпорын тексерді. Бұл ретте, еңбек заңнамасы бойынша 452 бұзышылық анықталды, соның 285-і еңбек қатынастары бойынша, 167-і қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша.
130 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 20,5 млн. теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген кәсіпорындарды тексерулер негізінде анықталған берешекті өтеу бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
2022 жылдың 12 айы ішінде өндірісте 38 жазатайым оқиға орын алып, 44 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды түсіндіру мәселесі бойынша 48 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Облыс кәсіпорындарында еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерді қолдану мәселелері бойынша 103 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлердің еңбек құқықтарына нұқсан келтіру туралы 1285 жазбаша өтініші мен арызын қарады, оның ішінде: еңбек бұзушылықтар бойынша — 892, еңбекті қорғау мәселесі бойынша – 392, жұмыспен қамту мәселесі бойынша — 1. 2920 ауызша кеңес пен түсініктеме берілді.