Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2022 жылдың басынан бастап облыс бойынша 313 кәсіпорын тексерді. Еңбек заңнаманың 391 бұзышылығы анықталды, соның ішінде 255 еңбек қатынастары бойынша, қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі бойынша — 136.
Әкімшілік жауапқа айыппұл түрінде 109 лауазымды және заңды тұлғалар сомасы 17,7 млн. теңге көлемінде жауапқа тартылды.
Мекемені тексеру барысында, мемлекеттік еңбек инспекторларымен тексерілген мекемелерге жалақы берешектерін өтеу туралы апталық мониторинг жүргізіледі.
2022 жылдың 10 айы ішінде өндірісте 27 жазатайым оқиға орын алып, 33 адам зардап шекті. Жазатайым оқиға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тергелді.
Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек заңнамасын сұрағы бойынша 45 түсіндіру берілді. Еңбек және еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілерін қолдану сұрақтары бойынша 95 дәріс-семинар өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыскерлердің еңбек құқықтарының шектелуі туралы 1092 жазбаша өтініштерін қарастырды, оның ішінде еңбек бұзышылық бойынша — 746, еңбек қауіпсіздігі бойынша — 345, жұмыспен қамту — 1. Сонымен қатар, 2495 ауызша кеңес пен түсіндірме берілді.