Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келетін иммигранттар мен қандастарға қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келетін иммигранттар мен қандастарға қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында көзделген талаптар мен шарттардың сақталуын қамтамасыз ету және көші-қон бақылауын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келген иммигранттар мен қандастардың Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында көзделген талаптарды бұзу жағдайларына қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы бірлескен бұйрықты астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, полиция департаменттерінің назарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және ішкі істер Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Көшіп келушілердің  және қандастар тарапынан бұзушылықтарды мониторингілеу үшін

ведомствоаралық мәліметтер алмасу бойынша

ИНТЕГРАЦИЯЛАР ЖОСПАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2026 ж.

 

№ р/с

Атауы

Аяқталу нысаны

Мерзім
орындалуы

Жауапты орындаушылар

1.                 

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы мәліметтер алу бөлігіндегі интеграция (құқық бұзушылық өңірі көрсетіле отырып)

Тестілеу актісі

2026 жылғы 2-тоқсан – 2026 жылғы 3-тоқсан

(МО АЖ дайындығы бойынша)

ЕХӘҚМ, ҚП БП ҚСжАЕАЖК

2.                 

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған кезде мәліметтер алу бөлігіндегі интеграция (қылмыстар өңірі көрсетіле отырып)

Тестілеу актісі

2026 жылғы 2-тоқсан – 2026 жылғы 3-тоқсан

(МО АЖ дайындығы бойынша)

ЕХӘҚМ, ҚП БП ҚСжАЕАЖК

3.                 

Жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде бұзушылықтар туралы мәліметтер алу бөлігінде интеграциялау (құқық бұзушылық өңірі көрсетіле отырып)

Тестілеу актісі

2026 жылғы 2-тоқсан – 2026 жылғы 3-тоқсан

(МО АЖ дайындығы бойынша)

ЕХӘҚМ, ҚП БП ҚСжАЕАЖК

4.                 

Ағымдағы және тарихи тұрғылықты мекенжайы туралы мәліметтерді алу бөлігіндегі интеграция

Тестілеу актісі

2026 жылғы 2-тоқсан – 2026 жылғы 3-тоқсан

(МО АЖ дайындығы бойынша)

ЕХӘҚМ, Әділетмині

 

5.                 

Сұранысқа ие кәсіптер бойынша тартылған шетелдіктер бойынша қолдаухаттың болуын тексеру бөлігіндегі интеграция

Тестілеу актісі

2026 жылғы 2-тоқсан – 2026 жылғы 3-тоқсан

(МО АЖ дайындығы бойынша)

ЕХӘҚМ, ІІМ

6.                 

Шетелдіктердің сұранысқа ие мамандықтар тізбесі негізінде тұрақты тұруға рұқсат  алғаннан кейінгі еңбек қызметін жүзеге асыруы туралы мәліметтерді алу бөлігінде интеграция.

Тестілеу актісі

2026 жылғы 2-тоқсан – 2026 жылғы 3-тоқсан

(МО АЖ дайындығы бойынша)

ЕХӘҚМ, ІІМ

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне келетін иммигранттар мен қандастарға қатысты уақтылы шаралар қабылдау жөніндегі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
17 июля 2026