GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
23 сентября 2026
«Цифрлық қауіпсіздікке қадам» семинары

2026 жылғы 22 қыркүйекте Оқушылар сарайында Киберай аясында өткізілетін киберқауіпсіздік пен цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне арналған «Цифрлық қауіпсіздікке қадам» семинары өтті.

Іс-шара азаматтардың киберсауаттылығын арттыруға және мемлекеттік сектордағы ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Шақырылған спикерлердің арасында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің жетекші сарапшылары болды. Осы іс-шара аясында киберқауіпсіздік саласындағы жетекші дистрибьютор Fortinet Training Institute воркшоп өткізді.

21 сентября 2026
2026 жылғы 19 қыркүйекте экологиялық сенбілік өтті.

2026 жылғы 19 қыркүйекте World Cleanup Day — Дүниежүзілік тазалық күні Халықаралық экологиялық акциясы аясында қоғамдық аумақтарды таза ұстауға және абаттандыруға бағытталған экологиялық сенбілік өтті.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының қызметкерлері қатысып, аумақты санитарлық тазарту мен абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Экологиялық акцияны өткізу экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында тұрғындарды, мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, еріктілер мен қоғам өкілдерін біріктіретін "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасының бір бөлігіне айналды.

09 сентября 2026
Digital Bridge идеядан халықаралық алаңына дейін: SKO Hub-та Startup ORDA 2.0 бағдарламасының финалы өтеді

2026 жылғы 11 қыркүйекте Петропавл қаласындағы SKO Hub алаңында өңірлік Startup ORDA 2.0 инкубациялық бағдарламасының Demo Day финалы өтеді. Финалға Солтүстік Қазақстан облысының 15 үздік стартап-командасы қатысып, өз жобаларының нәтижелерін сарапшылар алқасына таныстырады.

Startup ORDA — Astana Hub тарапынан 2025 жылы Қазақстан өңірлеріндегі жас IT-кәсіпкерлер мен стартап-командаларды қолдау мақсатында іске қосылған өңірлік инкубациялық бағдарлама. Бағдарлама идея немесе бастапқы MVP кезеңіндегі жобаларға арналған. Қатысушылар өнім мен бизнес-модельді дамытуға қажетті білім мен практикалық құралдарды меңгеріп, кәсіпкерлік және техникалық дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ менторлар мен трекерлердің сүйемелдеуіне ие болады.

2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан бағдарламаға 18 стартап қатысты. Екі ай ішінде қатысушылар білім беру бағдарламасынан өтіп, өз жобаларының MVP-н әзірлеп, қорытынды питчингте жобаларын таныстырды. 2026 жылы Startup ORDA бағдарламасына деген қызығушылық айтарлықтай артты: ұйымдастырушыларға 142 өтінім келіп түсті. Іріктеу және преинкубациялық кезең қорытындысы бойынша бағдарламаға 30 команда қабылданып, инкубация барысында өз өнімдерін, бизнес-модельдерін дамыту және жобаларын таныстыруға дайындық жұмыстарын жүргізді.

Өңірлік бағдарламаның қорытынды кезеңі — Demo Day барысында іріктелген 15 команда өз шешімдерін сарапшылар алдында таныстырады. Финалистер өз өнімдері, мақсатты аудиториясы және даму перспективалары туралы айтып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді. Питчинг қорытындысы бойынша өңірдің үздік жобасы анықталады.

Сарапшылар алқасының құрамына мемлекеттік сектор, IT-индустрия және бизнес өкілдері кіреді:

  • Азамат Байтимиров — Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы;
  • Алдамжар Киікбаев — Astana Hub AI өнімдері кеңсесінің директоры;
  • Максим Тарасов — «Арида» компаниясының бас директоры.

Финалдық питчингтің модераторы — Александр Шинкаренко, Startup ORDA бағдарламасының жетекші трекері. Ол финалистердің презентацияларын жүргізіп, жобаларды сарапшылар алқасының алдында қорғау барысында командаларға қолдау көрсетеді.

Demo Day тек байқау кезеңімен шектелмей, кәсіби қарым-қатынас пен нетворкингке арналған алаңға айналады. Іс-шараға Astana Hub өкілдері, кәсіпкерлер, IT-қоғамдастық мүшелері және Қазақстанның басқа өңірлерінен келген қонақтар қатысады.

2026 жылы Startup ORDA инкубациясы Қазақстанның он өңірінде қатар өтуде. Өңірлік Demo Day қорытындысы бойынша әр өңір келесі кезеңде бағдарламаны жалғастыратын бір стартапты анықтайды. Солтүстік Қазақстан облысының жеңімпазын келесі кезеңде Астанада өтетін Digital Bridge халықаралық форумы аясындағы Startup Alley алаңы күтеді. Өңірлік финалдың жеңімпазы өз жобасын форум алаңында таныстырып, сарапшыларға, әлеуетті серіктестерге және технологиялық бизнес өкілдеріне ұсынуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар стартап өз жобасын дамыту, жаңа серіктестер табу және масштабтау үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады.

Байланыс тұлғасы: Ермолина Алина
Телефон: +7 777 986 05 50

14 июля 2026
Есіл ауданының Петровка ауылында төртінші ауылдық IT-орталық ашылды

2026 жылғы 2 шілдеде Есіл ауданының Петровка ауылында балалар мен жастарды цифрлық технологияларға, бағдарламалауға, робототехникаға оқытуға және инновациялық дағдыларын дамытуға арналған заманауи алаңға айналған 4-ші ауылдық IT-орталық ашылды. Орталықтың ашылуы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған DIGITAL AIMAQ жобасын іске асырудың кезекті кезеңі болды.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 14 IT-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 10 аудандық және 4 ауылдық IT-орталық бар. Олар тұрғындардың заманауи цифрлық білімге қол жеткізуіне, креативті индустрияларды, IT-кәсіпкерлікті дамытуға және технологиялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Өңірде IT-орталықтар желісін кеңейту жұмыстары жалғасуда.

19 мая 2026
СҚО әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасында жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» КММ 2026 жылғы 30 Сәуірде «Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі. Мемлекеттік қызметшілердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы (270.00-нысан)». Құқықтық жалпыға бірдей оқытуда тәртіптік жаза түрлері, тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдері айтылды. Сондай-ақ, семинарда мемлекеттік қызметшілердің және олардың жұбайларының кірістер мен мүлік туралы декларацияны беру тәртібі (270.00-нысан), табыс ету мерзімдері, декларацияда қандай мүлік пен кірістерді көрсету қажет екендігі түсіндірілді.

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер
Телекоммуникация және байланыс
17 мая 2026
17 мамыр - Байланыс қызметкерлері күні

Байланыс саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! 

Қазіргі заманғы байланыс саласы тұрақты дамудың, цифрлық трансформацияның және мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың маңызды негізі болып табылады. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және күнделікті еңбектеріңіздің арқасында коммуникациялардың сенімділігі, ақпараттың қолжетімділігі және цифрлық сервистердің дамуы қамтамасыз етілуде.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер және кәсіби қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер
17 мая 2026
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша бірыңғай профилактика күні

2026 жылғы 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Қаржылық сауаттылық күніне орайластырылған Интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша бірыңғай профилактика күні өтті.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында полиция департаментінің, прокуратураның және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері дербес деректерді қорғаудың кең таралған тәсілдері, цифрлық сервистер мен мобильді банктік қосымшаларды қауіпсіз пайдалану туралы айтып берді.

Кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ телефон және интернет-алаяқтық жағдайларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың хабардарлық деңгейін арттыруға, цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және өңір халқының қаржылық сауаттылығын нығайтуға ықпал етеді.

17 мая 2026
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрландыру офисінің жұмыс кеңесі өтті

2026 жылғы 15 мамырда  мемлекеттік органдар өкілдерінің және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанындағы Жасанды интеллект және цифрлық трансформация орталығының қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрландыру офисінің жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу барысында жол-көлік оқиғаларын мониторингтеу тиімділігін арттыруға және мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған «Интерактивті авариялық карта» платформасы мен SenimJol мобильді қосымшасы таныстырылды.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы экологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған жобаны таныстырды.

Кеңеске қатысушылар өңірдегі мемлекеттік органдар қызметіне цифрлық бастамаларды одан әрі дамыту және инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер
Телекоммуникация және байланыс
11 мая 2026
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Серікұлы Олжабеков жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Серікұлы Олжабеков жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.

Сапар барысында Мәлік Серікұлы SKO-Hub алаңында болып, өңірдің цифрлық жобаларымен, сондай-ақ өңірлік инновациялық Digital Aimaq жобасының жұмысымен танысты. Бүгінде Digital Aimaq аясында цифрлық теңсіздікті азайтуға және экономиканы дамытуға бағытталған 13 аудандық креативті IT-орталық ашылған.

Сонымен қатар, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жүзеге асырып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Цифрлық трансформация және жасанды интеллект орталығының қызметі, сондай-ақ облыс әкімдігімен бірлесіп ашылған Tomorrow School жасанды интеллект мектебінің жұмысы көрсетілді.

Жұмыс сапары аясында вице-министрдің облыс тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесу цифрландыру, байланыс саласын дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналды.

Кездесу барысында цифрлық даму саласында атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Айтылғандай, 2025 жылы Қазақстанда 290 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 90 пайыздан астамы электрондық форматта ұсынылған. Сондай-ақ eGov Mobile сервисі мен e-Otinish платформасын дамыту, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, ақпараттық қауіпсіздік, IT саласын дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және жер пайдалану, экология мен инфрақұрылымды бақылау бағыттарында ғарыштық мониторингті қолдану мәселелері қаралды.

Кездесу соңында қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрлық трансформациялау және өңірдің цифрлық экожүйесін дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар таныстырылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы