
2025 жылғы 14 қаңтарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауына жол бермеу мәселелеріне арналған құқықтық оқыту өткізілді. Қызметкерлерге мұндай әрекеттердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді.
Сонымен қатар, құқықтық оқыту барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде көзделген қызметтік және бейқызметтік уақыттағы мінез-құлық нормалары жан-жақты қарастырылды.