Ағымдағы жылдың 06 желтоқсанында Петропавл қаласында өңірлік it Hub ашылды

Ағымдағы жылдың 06 желтоқсанында Петропавл қаласында өңірлік it Hub ашылды
    SKO Hub — бұл IT және технологиялар саласында идеяларды жасауға, дамытуға және жүзеге асыруға арналған жаңа кеңістік. Біздің мақсатымыз – стартаптарды қолдау, жас таланттардың білім мен дағды алуына көмектесу және цифрлық бастамаларға өсуге мүмкіндік беретін экожүйені қалыптастыру.

    SKO Hub-тан сіз инкубациялық бағдарламалар, білім беру курстары, митаптар, воркшоптар, хакатондар және технологиялық қауымдастықты біріктіріп, тәжірибе алмасуға көмектесетін басқа да көптеген іс-шараларды таба аласыз.
     Хаб Astana Hub, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ашылды.

📍 Хаб мекенжайы: Ж. Жабаев көшесі, 195 ғимарат.

    Солтүстік Қазақстан облысында технологияларды дамытуға SKO Hub-пен бірге қосылыңыз!