2023 жылғы 30 қарашада2024-2025 жылдарға арналған республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бойында антенна-діңгек құрылыстарын салу мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

2023 жылғы 30 қарашада2024-2025 жылдарға арналған республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бойында антенна-діңгек құрылыстарын салу мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

2023 жылғы 30 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде аппарат басшысы Ыдырысов Олжас Нұрланұлының төрағалығымен кеңес өткізді.

Күн тәртібінде 2024-2025 жылдарға арналған республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бойында антенна-діңгек құрылыстарын салу мәселесі талқыланды.

Кеңеске аудан әкімдерінің орынбасарлары, Теле 2 байланыс операторы (online режимде), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, ҚазАвтоЖол өкілі қатысты.

Күн тәртібінің қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.