
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттама шеңберінде облыс әкімі аппаратының басшысы Олжас Нұрланұлы Ыдырысовтың төрағалығымен Астана қаласының iQala функционалына сәйкес келетін табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін цифрландыруды енгізу мәселелері бойынша қала монополистерімен кеңес өткізді.