Ағымдағы жылдың 8-9 қарашасында Цифрландыру күніне арналған Хакатон өтеді.

Ағымдағы жылдың 8-9 қарашасында Цифрландыру күніне арналған Хакатон өтеді.

15 пен 22 жас аралығындағы барлық IT-мамандарды қатысуға шақырамыз. Орындар саны шектеулі.

Қатысу шарттары:

  • 15 пен 22 жас аралығындағы қатысушылар.
  • 24 сағат ішінде қатысушылар Хакатонның негізгі тапсырмасы мен ішкі тапсырмаларын орынап, орындалған тапсырмаға презентация дайындау керек және оны қазылар алқасына таныстыруы керек. Хакатонның тапсырмасы өткізілетін күні жарияланатын болады.
  • Қатысушылар өз командасын ноутбукпен, зарядтағыш құрылғылармен  қамтамасыз етуі қажет.

Іс-шара 30 сағат ішінде бірнеше кезеңде өтеді. Басталуы 2023 жылғы 8 қараша сағат 9:00-де, 2023 жылғы 9 қараша сағат 15:00-де аяқталады. Жарысқа қатысушылардың барлық командалары 15-18 жас және 19-22 жас санаттары бойынша бөлінеді. Әр жас санатындағы жеңімпазды ақшалай сыйақы күтеді. Жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылғы 9 қараша Цифрландыру күнінде өтетін болады.

Хакатонға қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 7 қарашасына дейін https://forms.gle/xN3QbXvzhBpAonAv6  сілтемесі  бойынша қабылданады.