29 қыркүйекте сағат 11.00-де ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Серікұлы Жамбакин Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі және азаматтарды қабылдайды.

Бейнеконференцияға қосылу Петропавл қаласының ХҚКО-да, Әуезов көш. 157, 3 қабатта мәжіліс залында өтеді.

Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомстволарының басшылары қатысады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-трансляциясы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде өткізілетін болады.

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: +7 7152 502197 телефоны арқылы қабылданады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.