СҚО-да Innovation Hub Petropavlovsk өңірлік бизнес-инкубаторы іске қосылуда

СҚО-да Innovation Hub Petropavlovsk өңірлік бизнес-инкубаторы іске қосылуда

Солтүстік Қазақстан облысында өңіріміздегі стартаптарды қолдау және дамыту орталығы болуға лайық Innovation Hub Petropavlovsk Өңірлік бизнес-инкубаторы іске қосылуда.

Innovation HUB Petropavlovsk Бизнес-инкубаторының ресми ашылуы 2023 жылдың «08» қыркүйегінде сағат 18:30-да , мына мекенжай бойынша өтетін болады: Петропавл қ., Абай к-сі, 18 , Kozybayev University 1-ші корпусы, №115 аудитория.

«QazInnovations» Инновацияны дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің» АҚ қолдауымен құрылған біздің бизнес-инкубатор кәсіпкерліктің өркендеуіне және инновациялық идеяларды ынталандыруға ұмтылады. Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, Қазақстанның ІТ-елге айналу жолындағы бір қадам болмақ.