2023 жылғы 06 маусымда цифрлық технологиялар басқармасында «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» жеке коммерциялық емес ұйымының директоры Саттарова Жұлдыз Сәлімжанқызының шақыруымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария тыңдау және талқылау өткізілді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 8-тармағына сәйкес жұмыс жүргізілген негізгі бағыттар талқыланды.
Кездесу барысында «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы» жеке коммерциялық емес ұйымының директоры Саттарова Жұлдыз Сәлімжанқызымен «ҮББ-4» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жобалық кеңсесінде жұмыс істеу бойынша ұсынымдар айтылды.