СҚО әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы «Ашық есік күні» акциясын өткізді

СҚО әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы «Ашық есік күні» акциясын өткізді

2023 жылғы 30 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1147 қаулысымен бекітілген түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде жыл сайынғы «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Акцияға it-қоғамдастық өкілдері, қала мен облыстың оқу орындарының студенттері мен түлектері, сондай-ақ жас мамандар мен басқа да азаматтар қатысты.

Акцияға қатысушылар үшін танысу дәрісі өткізілді, оның барысында басқарма басшысы А.С. Байтеміров және бөлім басшылары Н.С. Тоқбаев пен Ю.М. Мигачева Басқарма мен мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты мен ерекшелігі, енгізіліп жатқан Цифрлық жобалар, мемлекеттік қызметтер көрсету, жетекшілік ететін салалардағы инновациялар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалардың сақталуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді сондай-ақ акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Акцияны өткізу нәтижесінде орындалған міндеттердің бірі халық арасында Мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру және нығайту болды.