
Облыста мемлекеттік жастар саясаты концепциясын іске асыру аясында Цифрлық технологиялар басқармасымен жастардың цифрлық сауаттылығы бойынша онлайн семинар-тренинг өткізілді.
Семинардың спикерлері – ІТ қауымдастығының өкілі - Бухонин Иван Игоревич, ҰАҚ филиалының өкілі - Қаранаев Жанарбек Елтайұлы, Корнеевка орта мектебінің информатика мұғалімі - Колыванов Константин Юрьевич, облыс әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бойынша маманы - Жоламан Берік Еламанұлы болды.
Аталған семинарда цифрлық технологиялар мен Интернет желісінің ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті негізгі мәселелер, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғау және мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігі мәселелері қаралды.