«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2023 жылғы маусым айында «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланған.

Талданатын кезең: 2022 жыл, 2023 жылдың 5 айы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау:

1) Басқарма қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарманың ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.