IT schools in Petropavlovsk

IT schools in Petropavlovsk

Ағымдағы жылдың 3 қазанында «Digital Urpaq» Оқушылар сарайының алаңында білім басқармасының басшысы Н.А.Жашибековпен және Оқушылар сарайының директоры Д.Ж. Әбілмажиновамен бірлесіп «Parakozm Ltd» Халықаралық IT компаниясының басшысы Суфян Бин Узайр Мұстафамен кездесу өткізілді.

Parakozm − білім беру жобаларына шоғырланған және Астана халықаралық қаржы орталығы мен «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық паркінің резиденті болып табылатын БАӘ, Бахрейн Корольдігі, Қазақстан Республикасы және Үндістандағы кәсіпқойлар командасы бар Халықаралық IT компания.

Келіссөздер барысында Рarakozm компаниясы 2 бағдарламалау мектебін ашуды жоспарлады: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында 18 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ «Digital Urpaq» оқушылар сарайы базасында балаларға арналған және мұғалімдерді қайта даярлау бойынша. Бұдан басқа, өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде жергілікті IT-Hub ашу жоспарлануда.