Ішкі бақылау қызметтерімен семинарға пресс-релиз

Ішкі бақылау қызметтерімен семинарға пресс-релиз

Ағымдағы жылғы 21 Маусымда цифрлық технологиялар басқармасының басшысы А.С. Байтеміровтың төрағалығымен ішкі бақылау қызметтері үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, тоқсандық есептерді қалыптастыру бойынша оқыту семинары өткізілді. 

Заңнамадағы негізгі өзгерістерді түсіндіру үшін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің өкілдері шақырылды.   

Ішкі бақылау қызметтерімен бірлесіп есепті қалыптастыру кезінде туындайтын негізгі мәселелер қаралды. 

Сондай-ақ, Ақпараттандыру және Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына әсер ететін есептерді ұсыну кезінде жіберілетін типтік қателерді атады.

Семинар қорытындысы бойынша уақытылы және сапалы есеп беру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.