Бағдат Мусин жұмыс сапары барысында Солтүстiк Қазақстан облысын цифрландыру барысымен танысты

Бағдат Мусин жұмыс сапары барысында Солтүстiк Қазақстан облысын цифрландыру барысымен танысты

Жұмыс сапары барысында цифрлық даму министрi өңiрдi цифрландыру барысымен танысып, Солтүстiк Қазақстан облысындағы бiрқатар нысандарды аралады.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Digital Urpaq Оқушылар сарайын облыс үшiн озық IT-орталығымен таныстырды. Мұнда 2,5 мыңнан астам бала бағдарламалау негiздерiн, робототехника мен мехатрониканы, электрониканы және өзге де бағыттарды оқиды. Digital Urpaq сапары барысында IT- қауымдастықпен кездесу өткiзiлiп, IT- орталық пен М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждiң табысты жобалары, сондай-ақ Стартап жобалардың инкубациялық бағдарламасының негiзгi жобалары көрсетiлдi. Стартап жобалардың осы Инкубациялық бағдарламасы 2021 жылдың 2 жартыжылдығында iске асырылды. Iрiктеу нәтижелерi бойынша инкубацияға барлығы 38 жоба қатысты, оның iшiнде 3 жоба инвесторларды қызықтырды.

Министр өңiрлiк проблемаларды шешуге бағытталған стартаптардың маңыздылығын атап өттi. «Жергiлiктi мамандарды тарту және әкiмдiктiң облысты цифрландыру үдерiсiне қызығушылығы қуантады. Аймақтың үлкен әлеуетi бар, оған ұмтылатын нәрсе бар. Бiз өз тарапымыздан қолдау көрсетемiз», — дедi Бағдат Мусин.

Министр бiрiншi отандық компьютерлiк техника өндiрiсiмен айналысатын С.М. Киров атындағы зауытқа барды. Зауыт компьютерлiк техникадан, автоматика аспаптарынан, телемеханикадан және арнайы байланыс құралдарынан басқа, «ZIK-СКУД» кiрудi бақылау және басқару жүйесiн әзiрледi. Бүгiнгi күнi «ZIK-СКУД» құны жақын шетелдiк аналогтардан 30-50%-ға арзан. Министр әзiрлеудiң маңыздылығын атап өтiп, осы бағытта дамуды жалғастыруды ұсынды.

Бағдат Мусин мамандандырылған ХҚКО жұмысымен танысты. Министр жүргiзушi куәлiгiне емтихан тапсыру үшiн енгiзудi жоспарлап отырған биометрикалық жүйеге ерекше назар аударды. Республикалық ведомство басшысы мемлекеттiк электрондық қызмет көрсетудi бағалады.

Бұдан басқа, министр облыстың екi ауылында (Трудовое және Ленинское ауылдары) болды. Ауыл әкiмдiгiнде мемлекеттiк қызметтер мен сервистердi (қаржылық операцияларды жүзеге асыру, дәрiгер қабылдауына жазылу, маркетплейстерде тауарлар мен қызметтер тапсырыс беру және сатып алу) алу үшiн орнатылған «eQoldau қоғамдық қол жеткiзу пунктерiмен» танысты.

Ауыл шаруашылығын цифрландыру қызметi сүт өнiмдерiн өндiру және жеткiзу болып табылатын Сүт-тауар фермасы («Зенченко» ЖШС) базасында қаралды. Бұл фермада 1,5 мыңнан астам мал бар, DairyPlan C21 отарын басқару бағдарламалық жасақтамасы қолданылады, бұл сүт өнiмдiлiгiнiң жан-жақты көрiнiсiн алуға, әр сиырдың өмiрлiк белсендiлiгiн бақылауға, сүт өнiмдiлiгi, денсаулығы, құнарлылығы және бүкiл табынның тамақтануы туралы егжей-тегжейлi мәлiметтер беруге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, жергiлiктi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi егiн шаруашылығы бағыты бойынша енгiзген табысты цифрлық жобалар қаралды.