2025 жылғы желтоқсанның 4-нде «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) онлайн-форматта Ашық есік күнін өткізеді.
Тақырыбы: «Ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар».
4 желтоқсанға межеленіп отырған іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектеседі.
Ашық есік күніне қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақыл-кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек.
Содан кейін әр сессия үшін event-кеңестің нөмірі мен паролін жеке енгізу:
Бірінші сессия сағат 10:00-да өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2518 276 7664
оқиға паролі: SKOF
Екінші сессия сағат 12:00-де өткізіледі:
еvent-кеңес нөмірі: 2511 198 6516
оқиға паролі: SKOF
Үшінші сессия сағат 15:00-де өткізіледі:
еvent — кеңес нөмірі: 2519 192 8269
оқиға паролі: SKOF
«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күнінде барлығыңызды қуана күтеді!