Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың 1-тоқсанына ішкі бақылау есебіне аналитикалық жазба

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес  2025 жылдың ақпанның 17 күні бойынша өзгерістермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 181 түрін (284 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін ескере отырып) көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен келесі жұмыстар жүргізілді.

 

 Бақылау іс-шаралары

Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 49 БШ өткізілді. 

Объектілер саны 49 (ЖАО -27, ведомстволық бағынысты ұйымдар -18). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 170 фактісі анықталды, оның ішінде:

 Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан сарапшыларды тарта отырып, бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 65 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні -50 орындалды.   

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны

 1-тоқсанда барлығы 1 974 776, оның ішінде қағаз түрінде 170 (мемлекеттік орган), баламалы қызметтер 2248 (мемлекеттік орган), электрондық түрде  (көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінбей-ақ көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы – 218 562, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы – 1 658 589, «электрондық үкімет» порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы – 94042, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 1165.  

Қағаз түріндегі бас тарту саны 29 құрады.

Тізілімге сәйкес ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы ғана көрсетілетін, бірақ ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметтер (Қолдау,Кезекте БКП, Мекенжай тіркелімі) «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер ретінде есепке алынды, бұл жүйелердің ХҚКО БАЖ-мен интеграциялануына байланысты мониторинг, ХҚКО БАЖ-мен интеграциялануын жүргізу қажет ОМО.

 

Ақпараттық жүйелерден түсіруді пысықтау қорытындысы бойынша

Ай сайын облыс әкімдігі ҚРМҚІА-мен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ мәліметтері бойынша ұсынылатын ақпараттық жүйелерде жіберілген мерзімдер бойынша статистикалық деректерді пысықтайды бұзушылықтар анықталған жоқ. Ай сайын облыс әкімдігі СҚО бойынша АГС-пен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ мәліметтері бойынша ұсынылатын ақпараттық жүйелерде рұқсат етілген мерзімдер бойынша статистикалық деректерді пысықтайды.  

Мониторинг барасында мемлекеттік  қызметтер көрсету мемлекеттік туралы Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сапасыз жауап беру бұзылды келесі қызметтер бойынша: « Атақ беруге өтінімдерді  қабылдау»; «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу».

Шағымдар

Электрондық мекенжай бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар www.1414.kz, жоқ.

Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына негізделген шағымдар түскен жоқ.

 

Түсіндіру іс-шаралары, біліктілікті арттыру курстары

1 тоқсанда барлығы 1551-тен астам осындай іс-шаралар өткізілді. 

Мемлекеттік қызметтер саласындағы біліктілікті арттыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатарынан 173 адам оқытудан өтті.  

   

Мемлекеттік қызметтер мониторингі шеңберінде осы салада келесі анықталды:

I- Әр түрлі оқылымдарды болдырмау үшін «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынамын:

- мәтін -  «Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 3 (үш) жұмыс күні;

- аудандар үшін-5 (бес) жұмыс күні. ауыстыру

«Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін-3 (үш) жұмыс күні ішінде;

 аудандар үшін-5 (бес) жұмыс күні ішінде.»;

-«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» Мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне өзгерістер енгізуді ұсынамын: 6-тармақ Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі- «көрсетілетін қызметті беруші өтінішті олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады."толықтырылсын-өтініш келіп түскен күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Осымен  қатар, «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру / жою» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб - порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді, бұдан әрі көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады. ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ұғымы - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, шет елдердегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетушілер. Алайда, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде өтініш басшыға келіп түседі, содан кейін қабылдау, тіркеу жүзеге асырылады және орындаушыға жіберіледі. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде және бизнес процесінде "Мекенжай тіркелімі" АЖ-да құқықтық қайшылық бар.

Ұсыныс енгізу: 2-тараудың 6-тармағына өзгеріс енгізілсін «көрсетілетін қызметті беруші» деген сөздер «көрсетілетін қызметті берушінің басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын

 

II. «Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша "Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" қағидаларында (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығымен бекітілген) азаматтар жүгіне алатын кіші қызмет түрлері көрсетілген. Олар:1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға;

2) өзінің асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға;

3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемінде екі жыл тәрбиесінде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға;

4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарға;

5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға;

6) денсаулық жағдайы бойынша, азаматтарға;

7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге;

8) тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге;

9) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына;

10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе соттар қылмыстық істерін қарап жатқан адамдарға;

11) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне;

12) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне;

13) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға.

Осы көрсетілген кіші қызмет түрлері бойынша Қағидаларда азаматтарға қандай мерзімге шақыруды кейінге қалдыруды берілетіні жазылмаған, бұл комиссияның қорытындысы мен жалпы жұмысына халықтан сенімсіздік пен күмән тудырады. Азаматтарға ақпаратқа қолжетімділік пен ашықтық мақсатында Қағидаларда  мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша шақыруды кейінге қалдыруды берудің мерзімдерін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 35 б. сәйкес белгілеу ұсынылды. 

 

III.  «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай - Заң) 32 бабының 1 тармағына сәйкес «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында кейбір қызметтері лицензиялауға жатады.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензия беру бойынша мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі №175 бұйрығымен бекітілген Қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Осылайша, білікті инженерлік-техникалық жұмысшылардың, өндірістік базаның және ең аз материалдық-техникалық қамтамасыз етудің (программалық қамтамасыз ету және техника) болуы лицензия алу үшін негізгі талаптар болып табылады.

Бұл ретте, өндірістік базаның және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жалға алу құқығына жол беруледі.

Сонымен бірге, жүргізілген талдау осы критерийлер формалды екенін көрсетті.

Өтінімдерге бір программалық қамтамасыз етулердің, сондай-ақ бірдей техниканың жалға алу келісімдері қоса беріледі.

Осы фактілер консалтингтік компаниялар арқылы келіп түскен өтінімдер бойынша анықталғанын және лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайтынан атап өту қажет.

Инженерлік-техникалық жұмысшылардың ауысуына, өндірістік базаны және ең аз материалдық-техникалық қамтамасыз етулерді жалға алу үшін шектеулі мерзімді қарастыру, сондай-ақ лицензиядан кейінгі бақылауды енгізу қажет деп есептейміз.

 

IV «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша

- Порталда «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін автоматтандыру Egov.kz бекітілген «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 1-қосымша);

 

V. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі бойынша:

Порталда «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру мемлекеттік қызметін автоматтандыру Egov.kz» кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы                    № 301 бұйрығына 9-қосымша);

«Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі»:

Порталда «Ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» , «Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың кепілінің (немесе өзге де ауыртпалықтардың) болуы (болмауы) туралы ақпарат беру» кіші түрлерін автоматтандыру ҚР электрондық лицензиялау.

 

VII. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу», «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша:

- Мемлекеттік қызметтерді композиттік көрсетуге көшіру: «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметіне өтініш берген кезде бірден екінші мемлекеттік қызметті алу қажеттілігін көрсету -                       

«Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бағдарламалық қамтамасыз етуде білім беру мекемелеріне және жұмыспен қамту бөлімдеріне өтініш жіберу мүмкіндігі көзделсін.

Аталған нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу   заңнама нормаларын қолдану мен сақтауға үлкен көмек көрсетеді деп ойлаймыз.

 

Дата публикации
15 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы