Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес өзгерістермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 173 түрін (281 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін ескере отырып) көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен келесі жұмыстар жүргізілді.
Бақылау іс-шаралары
Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 57 БШ өткізілді.
Объектілер саны 57 (ЖАО -43, ведомстволық бағынысты ұйымдар -14). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 58 фактісі анықталды, оның ішінде:
1 - стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету фактісі;
9 - мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;
1 - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактісі;
47 - өзге де бұзушылықтар фактісі (ақпараттық стендтерді уақтылы жаңартпау, қызмет көрсетуге шағым журналдарының болмауы, біліктілікті арттыру сертификаттарының болмауы және т.б.).
Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан сарапшыларды тарта отырып, бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 10 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 50 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні -44 орындалды.
Мемлекеттік қызметтер саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ШҚ қызметтері СҚО бойынша МҚІА өкілдерімен бірлесіп көрсетілетін қызметті берушілермен бақылаудан кейінгі семинар-кеңестер өткізеді. Мұндай шара бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
4-тоқсанда барлығы 1 938 204, оның ішінде қағаз түрінде 129 (мемлекеттік орган), баламалы қызметтер 8 741 (мемлекеттік орган), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1815, электрондық түрде 1 930 519 (көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінбей-ақ көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы – 353 937, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы – 1 540 131, «электрондық үкімет» порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы – 36 451).
Қағаз түріндегі бас тарту саны 29 құрады.
Есепті түзету
Мемлекеттік қызметтер саласындағы мемлекеттік бақылау қағидаларының 63-тармағына сәйкес ішкі бақылау бойынша бұрын ұсынылған есептерге түзету енгіземіз.
Бақылау іс-шаралары, мемлекеттік органдар қызметінің мониторингі шеңберінде нақты деректердің ішкі бақылау жөніндегі есеппен алшақтау фактілері анықталды.
Осылайша, 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны:
2023 жылы барлығы 5 972 067 қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз түрінде 714 (Мемлекеттік орган) қызмет, балама 20 702 (Мемлекеттік орган) қызмет, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы-9 926, электрондық түрде 5 940 725
(тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы - 1 490 634, тікелей байланыспен көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы – 4 081 683, "электрондық үкімет" порталы және "Е-лицензиялау" порталы арқылы - 368 408).
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерді бұзу
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша
Өткізілетін бақылау іс-шаралары шеңберінде мерзімнің бұзылуы анықталған жоқ.
Ақпараттық жүйелерден түсіруді пысықтау қорытындысы бойынша
Ай сайын облыс әкімдігі ҚРМҚІА-мен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ мәліметтері бойынша ұсынылатын ақпараттық жүйелерде жіберілген мерзімдер бойынша статистикалық деректерді пысықтайды бұзушылықтар анықталған жоқ. Ай сайын облыс әкімдігі СҚО бойынша АГС-пен бірлесіп ҚР ЦДИАӨМ мәліметтері бойынша ұсынылатын ақпараттық жүйелерде рұқсат етілген мерзімдер бойынша статистикалық деректерді пысықтайды. Мониторинг қорытындысы бойынша қараша айында 1 мерзім бұзылды.
Бұзушылыққа жол берген адамдарға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.
Шағымдар
Электрондық мекенжай бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар www.1414.kz, жоқ.
Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына негізделген шағымдар түскен жоқ.
Түсіндіру іс-шаралары, біліктілікті арттыру курстары
4 тоқсанда барлығы 1432-тен астам осындай іс-шаралар өткізілді, халықты қамту 60 мыңнан астам адамды құрады.
Мемлекеттік қызметтер саласындағы біліктілікті арттыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатарынан 18 адам оқытудан өтті.
Цифрлық технологиялар басқармасымен аудандар үшін көшпелі семинарлар өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер мониторингі шеңберінде осы салада мынадай кемшіліктер анықталды.
Мемлекеттік қызметтер бойынша жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту және жер учаскесін біржолғы немесе бөліп-бөліп сату қызметтері электрондық түрде қолжетімді емес.
"Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығын басқа тұлғаға беру, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепіл (қайта кепіл)) және тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа беру, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін қоса алғанда, олардың тіркемелері, сондай-ақ қағаз жеткізгіштерде көрсетіледі, өйткені қызмет Е-лицензия порталынан көрсетілетін қызметті берушіге жеткізілмейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген "Балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оларға қосымша білім беру бойынша оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары қағаз түрінде де, электрондық түрде де көрсетеді. "Egov" электрондық үкімет порталында бұл қызмет автоматтандырылмаған. Mindal, Sitzen ақпараттық жүйелері бар, олар арқылы мемлекеттік қызмет электронды түрде қолжетімді.
Сондай-ақ, 1-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында "Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары" 10-тармағында, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары"11-тармағында жазылған. Бұл санаттарға кім жататыны нақты анықталмаған.
Жер қатынастары саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер бойынша жер комиссиясы жойылды, алайда қолданыстағы ережелерге сәйкес жер комиссиясының болмауы тек қалаларда жер учаскелерін алу үшін көзделген.
Бұдан басқа, "электрондық үкімет" порталында "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту" қызметі бойынша өтініш нысаны өтініш беруші өтінімді қалыптастыру кезінде міндетті түрде жер комиссиясының өткізілетін күнін және хаттама нөмірін көрсетпей одан әрі қадамға жібермейді.
"Жер учаскесін бөлу схемасын бекіту туралы" қызмет. Өтініштерді қабылдауды және беруді жүзеге асыратын ұйымдар Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің"веб-порталы.
Құжаттар тізбесі: жер учаскесін бөлу схемасын бекітуге өтініш, жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың мөлшерін көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасы, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.
Көрсету нәтижесі: жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың мөлшерін көрсете отырып, жер учаскесін бөлудің бекітілген схемасы. Көрсету мерзімі 4 жұмыс күні.
Көрсетілген қызмет "Мемлекеттік қызмет" анықтамасына жатады, бірақ мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген.