Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 2023 жылғы 13 наурыздағы енгізілген өзгерістермен мемлекеттік қызметтердің 175 түрін (301 Мемлекеттік қызметтің кіші түрлерін ескере отырып) көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен келесі жұмыстар жүргізілді.
Бақылау шаралары
Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 64 БШ өткізілді.
Объектілер саны 64 (ЖАО -51, ведомстволық бағынысты ұйымдар -13). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 107 фактісі анықталды, оның ішінде:
2 - Құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері;
1 - стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету фактісі;
16 - мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;
11 - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактісі;
77 - өзге де бұзушылықтар фактісі (ақпараттық стендтерді уақтылы жаңартпау, қызмет көрсетуге шағым журналдарының болмауы, біліктілікті арттыру сертификаттарының болмауы және т.б.).
Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің аумақтық бөлімшесімен бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 3 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 75 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні -51 орындалды.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
2-тоқсанда барлығы 1 400 397, оның ішінде қағаз түрінде 213 (мемлекеттік орган), баламалы қызметтер 10942(мемлекеттік орган), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 3302, электрондық түрде 1 385 940 (көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінбей-ақ көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы – 293 105, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы – 1 033 751, "электрондық үкімет" порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы - 59 084).
Қағаз түріндегі бас тарту саны 15 құрады.