Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, 2023 жылғы 13 наурыздағы өзгерістермен мемлекеттік қызметтердің 177 түрін (301 Мемлекеттік қызметтің кіші түрлерін ескере отырып) көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында жергілікті атқарушы органдармен келесі жұмыстар жүргізілді.
Бақылау шаралары
Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 59 БШ өткізілді.
Объектілер саны 59 (ЖАО -46, ведомстволық бағынысты ұйымдар -13). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 74 фактісі анықталды, оның ішінде:
10 - құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері;
3 - мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;
1 - мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі;
3 - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделген жұмыс кестесін сақтамау фактілері;
57 - өзге де бұзушылықтар фактісі (ақпараттық стендтерді уақтылы жаңартпау, қызмет көрсетуге шағым журналдарының болмауы, біліктілікті арттыру сертификаттарының болмауы және т.б.).
Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан сарапшыларды тарта отырып, бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 50 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні -14 адам орындалды.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
1-тоқсанда барлығы 1 233 934, оның ішінде қағаз түрінде 192 (мемлекеттік орган), балама 2953 (мемлекеттік орган), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 2850, электрондық түрде 1 227 939 (көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінбей-ақ көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы – 378 354, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы – 688 395, "электрондық үкімет" порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы - 161 190).
Қағаз түріндегі бас тарту саны 25 құрады.