Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында өткізілетін «Ашық есік күніне» шақырады

2023 жылдың 14 наурызы күні «БЖЗҚ» АҚ «Бірлескен зейнетақы аннуитеті» тақырыбында онлайн-форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды сақтандыру ұйымдарына, оның ішінде бірлескен (немесе отбасылық) зейнетақы аннуитетін пайдалана отырып аудару арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігін жүзеге асыруға болатындығы туралы хабардар ету.

Зейнетақы аннуитеті – бұл өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ұсынатын және зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда БЖЗҚ салымшыларына (алушыларына) зейнет жасына толғаннан кейін немесе заңда белгіленген зейнет жасына дейін өмір бойғы төлемдер алуды бастауға мүмкіндік беретін өнім. Өзінің мазмұны бойынша зейнетақы аннуитеті – БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерімен қатар, еңбек қызметі аяқталғаннан кейін басқа кіріс көздері болмауы әбден мүмкін болашақта қажеттіліктерді төлеуге арналған зейнетақымен қамсыздандыру құралы.

Салымшы (алушы) зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан ала ма, әлде ӨСК-ден ала ма, таңдауды өзі жасайды. Өткен жылы зейнетақы аннуитеті шарты бар салымшылар (алушылар) үшін зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап кемінде екі жылдай уақыт өткен соң зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ӨСК-ден БЖЗҚ-ға қайтару мүмкіндігі заңнамалық түрде енгізілді.

Іс-шара барысында Қордың өңірлік бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) және басқа да қатысушыларға осы жаңалықтарды пайдаланудың іс-қимыл алгоритмі бойынша түсініктемелер, сұрақтарға жауаптар және жеке кеңестер береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 14 наурызда өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір ниет білдірушіге сілтеме бойынша тіркелу қажет:

  • мобильді құрылғы арқылы Webex Meet қосымшасын орнату қажет;
  • дербес компьютер арқылы htpps://enpf.webex.com сайтқа өтіңіз.

Содан кейін әр сессия үшін event-кеңестің нөмірі мен паролін жеке енгізу:

Бірінші сессия 14 наурызда сағат 10:00-де өткізіледі:

  • Event-кеңес нөмірі: 2513 952 8312
  • Оқиға паролі: SKOF

Екінші сессия 14 наурызда сағат 12:00-де өткізіледі:

  • Event-кеңес нөмірі: 2519 687 8336
  • Оқиға паролі: SKOF

Үшінші сессия 14 наурызда сағат 14:00-де өткізіледі:

  • Event-кеңес нөмірі: 2517 089 2398
  • Оқиға паролі: SKOF

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары (алушылары) мен барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

Дата публикации
01 марта 2023
Дата обновления
01 марта 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы