Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2025 жылдың ішкі бақылау есебіне аналитикалық жазба
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2025 жылдың желтоқсаның 17 күні бойынша өзгерістермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 191 түрін (289 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерін ескере отырып) көрсетеді.
Ағымдағы жылдың жергілікті атқарушы органдармен келесі жұмыстар жүргізілді.
Бақылау іс-шаралары
Ағымдағы тоқсанда бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 220 БШ өткізілді.
Объектілер саны 220 (ЖАО -147, ведомстволық бағынысты ұйымдар 69). Тексеру іс-шаралары барысында заңнаманы бұзудың 581 фактісі анықталды, оның ішінде:
22 – факта оказания государственных услуг по нарушению срока;
Бақылау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан сарапшыларды тарта отырып, бірлесіп жүргізіледі. Тексерулер шеңберінде анықталған жол берілген бұзушылықтар үшін 27 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 249 ұсыным әзірленді, оның ішінде бүгінгі күні -41 орындалды.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
Барлығы 2025 жылда 7 216 472, оның ішінде қағаз түрінде 5277(мемлекеттік орган), баламалы қызметтер 7559 (мемлекеттік орган), электрондық түрде (көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінбей-ақ көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық ақпараттық жүйелері арқылы – 985 965, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінетін көрсетілетін қызметті берушінің меншікті және ведомстволық АЖ арқылы – 5 848 862 «электрондық үкімет» порталы және «Е-лицензиялау» порталы арқылы –357 351, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 11458.
Қағаз түріндегі бас тарту саны 69 құрады.
Тізілімге сәйкес ЭҮП немесе Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы ғана көрсетілетін, бірақ ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметтер (Қолдау,Кезекте БКП, Мекенжай тіркелімі) «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер ретінде есепке алынды, бұл жүйелердің ХҚКО БАЖ-мен интеграциялануына байланысты мониторинг, ХҚКО БАЖ-мен интеграциялануын жүргізу қажет ОМО.
Ақпараттық жүйелерден түсіруді пысықтау қорытындысы бойынша
Ай сайын облыс әкімдігі СКО бойынша ҒАЖД-мен бірлесіп, ҚР ЖИЦДМ деректері бойынша берілетін ақпараттық жүйелердегі қарыздар бойынша статистикалық мәліметтерді пысықтайды.
Мониторинг барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы, сапасыз жауап беру, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының талаптарын сақтамау фактілері анықталды, атап айтқанда:
Шағымдар
Электрондық мекенжай бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағымдар www.1414.kz, жоқ.
Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына негізделген шағымдар түскен жоқ.
Түсіндіру іс-шаралары, біліктілікті арттыру курстары
2025 жылда барлығы 6393-тен астам осындай іс-шаралар өткізілді.
Мемлекеттік қызметтер саласындағы біліктілікті арттыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатарынан 405 адам оқытудан өтті.