Аудан әкімі Қанат Қалиев мамырдың 1-і күні аудандық Мәдениет үйінде өткен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты салтанатты шараға қатысты.
Мереке аудандық мәслихат төрағасы Мағжан Жүсіпбековтің құттықтау сөзімен басталып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы келісім мен тұрақтылыққа, барлық қиындықтарды еңсеру және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өзара қолдау мен жасампаз еңбекке ерекше назар аударатынын ерекше белгілеп өтті. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі ел мен туған өлкенің игілігі үшін адал жұмыс істейтіндердің барлығына үлкен рахмет айтуға тағы бір мүмкіндік береді.
Елдің ұлтаралық саясаты бейбітшілік пен тұрақтылық идеологиясын ілгерілету жөніндегі халықаралық қоғамдастық үшін эталон болып табылады. Бұл орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді бірегей қоғамдық институт біздің жерімізде тұратын көптеген этностардың мәдениетін, дәстүрін сақтауда және дамытуда ерекше рөл атқарады.
Құттықтауды жалғастыра отырып, біздің ауданда түрлі ұлттар мен діндердің адамдары біртұтас тату отбасымен өмір сүретінін, олар әрқашан күнделікті даналық пен патриотизммен ерекшеленетінін атап өтті. Біздің тарихымыз бүгінгі күнге дейін өскелең ұрпақ үшін үлгі, олардың жанқиярлық еңбегінің куәсі болып табылады.
Соңында аудандық мәслихат төрағасы барлық жерлестеріне, аудан тұрғындарына туған өлкеміздің игілігі үшін жасампаз достығы үшін алғысын білдіріп, баршаңызға зор денсаулық, жұмыста табыс, амандық, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына өркендеу тіледі.
Атаулы мерекемен өз жерлестерін ауыл тұрғындары Галина Шлотгауэр мен Татьяна Гауэр де құттықтады.
Салтанатты жиыннан кейін біздің елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері арасында «Бірлігіміз жарасқан» атты конкурсын ауданның мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері көрермендердің алдына ұсынды.
Аудан ұйымдары үлкен Қазақстанда мекен ететін 7 ұлт өкілінің – әзірбайжан, кәріс, орыс, өзбек, татар, түріктердің және Молдова сығандарының атынан өнер көрсетті.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші тур - ұлттық тағамды көрсету арқылы «Өзін-өзі таныстыру», екінші тур «Ұлттық киім, салт, дәстүр» деп аталып, онда әр ұлт өзінің киімін, дәстүрін немесе әдет-ғұрпын ұсынды, ал үшінші тур шығармашылық болып, мұнда байқауға қатысушылар көркемдік нөмірді орындады.
Айта кету керек, біздің қатысушыларымыздың әр шығуы өте көркем, есте қаларлықтай болып, нөмірлердің орындалуы кәсіби деңгеймен тең, сондықтан көрермендер тарапынан зор қошемет көрсетілді.
Біздің құрметті қазылар алқасы жарыстың жеңімпаздарын бірден оңайлықпен анықтай алмады. Бірақ оны анықтау - әрбір сайысқа міндетті шарт.
Сонымен, өзбек ұлтын сомдаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері мен халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері жеңіске жетіп, Гран-при жүлдесін иеленді. Қазылар алқасы оларға диплом, бағалы сыйлықтар және 35 000 теңгеге сертификат табыс етті. Бірінші орынды әзірбайжанды ойнаған «АМАNАТ» АПФ және «Балдырған» балабақшасының қызметкерлері, ал екінші орынды түрік халқы болған Бестерек ОМ мұғалімдері иеленді. Үшінші жүлде орыс халқының атынан шыққан аудандық аурухана дәрігерлері және аудан әкімі мен аудандық мәслихат аппараттарының, экономика және қаржы бөлімінің өкілдеріне берілді, олар корей этносының ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрлерін лайықты көрсете алды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен қатысушылар түрлі дәрежедегі дипломдар, бағалы сыйлықтар және сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Айта кету керек, бұл сертификаттарды «Искакова О.С.» ЖК, «Шапиев Н. Ж.» ЖК, «Меруерт» ЖК, «Бұлқайыров» ЖК және т. б. ұйымдастырды.
Білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті арнайы жеке көтермелеу сыйлықтарын конкурсқа қатысқан педагогтер ұжымдарына табыс етті.
1 мамыр мерекесіне сауда-саттық қызметі де ұйымдастырылды. Бұл жерде «Азимов» ЖК қызметкерлерін ерекше атап өткен жөн. Олар осы айтулы күні барлық қауымға тәжік ұлтының тағамдарын тегін ұсынды.
Бейбітшілік пен келісімді бейнелейтін Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің керемет дәстүріне айналды. Ешкімді ұлтына бөлмей, әр халықтың тілін, әдет-ғұрпын құрметтей және қастерлей отырып, біздің еліміз бүкіл әлемдік қоғамдастыққа достық пен бірліктің нақты үлгісін паш етіп жүр.
Отанымыз – Қазақстан өркендеп, нығая берсін!