Облыс әкiмiнiң жұмыс сапары

Облыс әкiмiнiң жұмыс сапары

Мамырдың 21-i күнi ауданымызға жұмыс сапарымен Солтүстiк Қазақстан облысының бiрiншi басшысы Құмар Iргебайұлы Ақсақалов келдi.

Жұмыс сапары барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов бiрқатар өндiрiс нысандарын аралап, ауданымыздың агроқұрылымдары жүргiзiп жатқан көктемгi егiстiк жұмыстарымен таныс болды.

Өңiр жетекшiсiнiң бiрiншi барған нысаны — «Береке Акжар» ЖШС-да бордақылау алаңының құрылысымен танысты.

ЖШС директоры Тимур Арғымбаев облыс әкiмiне өткен уақыттағы атқарылған жұмыстары жайында баяндау еттi. Кезiнде 50 га жерде ЖШС құрып, қара малмен айналыса бастады. Тек былтырғы жылдың өзiнде қожалық 500 бас мал сатып алған. Бүгiнде соған орын салуда. Нысанның қолданысқа беру мерзiмi — 2022 жылдың 1 шiлдесi. Жобалық қуаты — 2,5 мың бас және де оны 5,0 мыңға дейiн көбейту жоспарлануда. Кәсiпорында 30 жұмыс орны ашылған.

Атқарылған жұмысты қарап шыққан облыс басшысы аудан мал шаруашылығын дамыту қажеттiгiн белгiлеп өттi. Ол үшiн бiзде барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, бұл сала бойынша кәсiпорындар, бордақылау алаңдарының санын, соған сәйкес жұмыс орындары мен салық есептемелерiн арттыру қажет. Соңында нысанды белгiленген уақытта тапсыруды бұйырып, шарушылыққа табыс пен жетiстiк тiледi.

Әрi қарай, облыс басшысы Талшық ауылындағы Ломоносов көшесiндегi жүрiп жатқан жол жөндеуiн көрдi.

Мердiгерлiк фирма — «КазСтройСервис-НС» ЖШС жетекшiсi Қайрат Ыбыраев жөндеу мерзiмi — 2022 жылдың мамырдың 7-сi мен шiлденiң 1-i аралығы, жұмысшылар саны — 12, орташа жалақы — 150000 теңге көлемiнде деп ақпарат бердi.

Облыс әкiмi, өз кезегiнде, өткiзiлiп жатқан жұмыстың маңыздылығын белгiлеп, бұл шаралардың бәрi де ел игiлiгi қамында жүрiп жатқанын, ол үшiн қомақты қаржы бөлiнгенiн жеткiздi. Сондықтан, ең бастысы — сапа.

Облыс жетекшiсiнiң келесi барған жерi — аудан орталығында 2021 жылдың қыркүйегiнде iске қосылған орталықтандырылған қазандық жүйесi. Бүгiнде жылуға 8 тұрғын үй мен 11 әлеуметтiк нысан тiркелген, қуаттылығы 10,5 гигакалорийге (Гкал) дейiн, жұмыспен 13 адам қамтылып, орташа жалақы — 150000 теңге көлемiнде деп мәлiмдедi «Сапро-нат» ЖШС Әл-Тайыр Сыздықов.

Осы жерде облыс әкiмi ел тұрғындарымен кездесу өткiздi. Тұрғындар жүйеге қосылғаннан соң үйлерi едәуiр жылы болып, рақатқа батқанын мәлiмдедi. Ендi тұрмыстары қалалықтардан еш кем емес деп, көрсеткен қамқорлығы үшiн облыс пен аудан басшылығына алғыстарын бiлдiрдi.

Кездесу сәтте облыс басшысы «Сапро-нат» ЖШС жетекшiлiгiне халыққа деген тарифтi көбейтпеудi ұсынды. Оларға деген ақы ең төмен деңгейде болу тиiс деп түйiндеп, қызмет көлемiн арттыру бойынша тапсырма бердi.

Қулыкөл ауылдық округiнде аймақ басшысы Рүстем Мұхамедиев жетекшiлiк ететiн «Дамир» ФҚ МТМ аумағында кәсiпорын ұжымымен кездестi. Көктемгi егiстiктiң, жұмыс жағдайы, мамандар жалақысы, МЖӘ бағдарламасына қатусуы жайында бiлiсiп, жұмысшылардың сұрақтарына жауап бердi.

Ұялы ауылдық округiне келгенде облыс әкiмi қырман салынып жатқан «Болат» ШҚ (жет. Болат Атығожин) және Ұялы орта мектебiнде болды. 2020 жылы мектепте күрделi жөндеу өтiп, онда iшкi және сыртқы өңдеу, электр және жылу жүйесi бойынша жұмыс жүргiзiлген едi.

Содан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысының бiрiншi басшысы Құмар Iргебайұлы Ақсақалов Ұялы мен Ақсары ауылдарының тұрғындарымен есептiк кездесу өткiзiп, онда облысымыздың әлеуметтiк-экономикалық дамуы бойынша есеп берiп, болашаққа деген жоспарымен бөлiстi.

Халықпен жүздесу кезiнде өңiр басшысы ел тұрғындардың әлеуметтiк жағдайын жақсарту мақсатында округте бiрқатар маңызды шаралар жүргiзiлетiнiн жеткiздi. Автомобиль мен iшкi жолдарды жөндеу, су тарту, байланыс сапасын жақсарту сияқты жұмыстар жоспарда тұр. Сондықтан тұрғындарды көкейтестi мәселелердi шешу жолында немқұрайдылық танытпай, керiсiнше, белсендiлiк танытуға шақырды. Сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап берiп, қоғам мен жергiлiктi билiктiң жұмыла мәселелердi шешкенде ғана, бiз мақсатымызға жетемiз деп түйiндедi.

Округтiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы бойынша атқарған жұмыстар туралы «Бекет» пен «Болат» қожалықтарының жетекшiлерi Марат Шәпенов және Болат Атығожин есеп бердi.

Кездесудiң қорытынын жасаған облыс әкiмi барша қауымға денсаулық, береке мен молшылық тiлеп, азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткiздi.

Жұмыс сапары соңында Солтүстiк Қазақстан облысының бiрiншi басшысы Құмар Iргебайұлы Ақсақалов Горьковское ауылына барып, ондағы орталық стадионда жергiлiктi мектептiң мұғалiмдер ұжымы және оқушыларымен, округ спортшылары және Паралимпиада-2022 ойындарында қола медаль алған қазақстандық спортшы, осы ауылдың тумасы Александр Герлицтiң ата-анасымен кездестi. Облыс әкiмi атақты спортшының ата-анасына баласына үлгiлi тәрбие бергенi үшiн зор алғыс бiлдiрiп, өскелең ұрпақты жерлесiнiң ерлiгiн мақтан тұтып, өнеге алуға, саламатты өмiр салтын ұстануға, туған мемлекетiнiң игiлiгi қамында iзгi жеңiстерге шақырды.