Құрметті Ақжар ауданының тұрғындары!

Құрметті Ақжар ауданының тұрғындары!

Қылмыстар туралы өтініштерді уақтылы, толық тіркеу және есепке алу жасалған іс-әрекет үшін жазаның бұлтартпастығын айқындайтын, сол арқылы республика азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін бірінші міндетті кезең болып табылады.

Құқық қорғау органдарының алдында тұрған міндеттердің бірі келіп түскен шағымдарды, арыздарды есепке алудың толықтығы мен объективтілігі, азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелермен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті штабының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бөлімі айналысады.

Егер сізге полиция қызметкерлерінің ауызша және жазбаша өтініштерді тіркемеу немесе қабылдаудан бас тарту фактілері белгілі болса, егер осындай әрекеттер сізге (сіздің туыстарыңызға) қатысты жасалған болса, 39-42-14, 39-42-16 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз.

Аталған мәселелер бойынша Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті штабының қызметкерлерімен азаматтарды жеке қабылдау 2021 жылдың 07 маусымында Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 15 мекен-жайы бойынша Ақжар ауданы әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті