Референдумды ұйымдастырушылардың кәсібилігін арттыру мақсатында бүгін Ақжар ауданының аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің қатысуымен, Солтүстік Қазақстан аумақтық комиссиясының мүшесі Гордеева Лариса Болеславовнаның қатысуымен "Республикалық референдум: құқықтық негіздер және референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру" мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті.
Аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздері және референдум процесінің ерекшеліктері туралы Ақжар аудандық аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Бейсембаева Сауле Жәнібекқызы түсіндірме берді.
Семинар барысында референдум туралы заңнаманың негізгі тармақтары, референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, дауыс беру тәртібі және басқа да республикалық референдум өткізу мәселелері жан-жақты қарастырылды.Учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің тәжірибелік машықтарын пысықтау мақсатында кейстік тапсырмалар дауыс беру күні орын алатын ахуалдық міндеттерді пысықтаумен талданды.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.