Меню

Страницы

Статья

Петропавл қаласында №2 ХҚКО Заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталығы (КҚО)іске қосылды

Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында ХҚКО бөлімшелері арқылы өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді, онда өтініштерді қабылдау орталығы жұмыс істейді – Конституция көшесі, 72 мекенжайы бойынша №2 ХҚКО осындай болып табылады.

Енді заңды тұлғаларға құжаттарды тапсыру үшін филиалдың кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының ауысуы, орналасқан жерінің өзгеруі электрондық хабарлама негізінде емес, автоматтандырылған режимде базаға енгізілмейді

Атап айтқанда, заңды тұлғалардан жолданған құжаттардың келесі түрлері бойынша хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚО-ларда жүзеге асады.

  1. 1)заңды мекенжайының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама
  2. 2)заңды тұлға басшысының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама
  3. 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама
  4. 4) заңды тұлғаның Экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама
  5. 5) басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (т.а.ә. өзгеруі)
  6. 6) заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.

"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" ҚР Заңының 14-2-бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар:

  1. акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген жағдайда;
  2. басшы өзгерген (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету);;
  3. осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады;
  4. жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру;
  5. шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайту;
  6. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің өзгеруі;

Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттарды қоса бере отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметі

Дата публикации
10 августа 2022
Дата обновления
10 августа 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы