Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп «еgov mobile» мобильдік қосымшасында «цифрлық құжаттар» сервисін іске асыру бойынша жұмыстар жүргізді. Аталмыш сервис азаматтарға электрондық форматтағы мобильдік қосымша арқылы құжаттарды қарауға, сондай-ақ оның анықтығын тексеруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні «еGov mobile» мобильдік қосымшасындағы Сервис шеңберінде цифрлық құжаттардың 18 түрі іске асырылды: Жеке куәлік, Жүргізуші куәлігі, Туу туралы куәлік, Неке қию туралы куәлік, Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік, Некені бұзу туралы куәлік, Техникалық паспорт, Covid-19 тестілеу ПТР нәтижесі, Студенттік билет, Диплом, Зейнеткер куәлігі, Кандас куәлігі, Көлік құралын тіркеу туралы куәлік, Әлеуметтік ID, Вакцинация паспорты, Көп балалы отбасының жәрдемақысын алушы, Мүгедектігі туралы куәлік, Атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі.
Сервис «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ барлық филиалдарында, еліміздің барлық әуежайларында, нотариустарда, екінші деңгейдегі банктерде (Kaspi банк, «Халық банк» АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ), «БЖЗҚ» АҚ, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, сондай-ақ, «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ тасымалдау кезінде енгізілді және пайдаланылады.
Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға, цифрлық құжаттарды қағаз құжатпен тең дәрежеде заңды тануды қамтамасыз ету бөлігінде қол қойылды.
Бұл заң азаматтарға цифрлық құжаттарды көптеген өмірлік жағдайларда кедергісіз пайдалануға және оларды пайдалану аясын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға пайдаланылатын және ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.