Меню

Страницы

Статья

Ақжар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021 жылғы 1-ФК нысаны бойынша сандық есебіне мәтіндік есеп

  1. Спорт ғимараттары бойынша негізгі көрсеткіштер

СҚО Ақжар ауданында барлығы 175 спорт ғимараты орналасқан: 4 стадион (Талшық а., Алқатерек а., Ленинградское А., Восход а.), 29 спорт залы, оның ішінде 24 орта мектеп залы, БЖСМ (1 зал) және Ленинград ауылшаруашылық колледжі (2 зал) және ДСК 1 (зал), 21 хоккейных корт, Ленинград а/о (Ленинград а., Қызылту а.), Кенащы а/о (Кенащы а., Байтус а.), Қулыкөл а/о (Қулыкөл, Қарашілік), Новосел а/о (Новосел а., Горьковское а.), Акжаркын а/о (Ақжаркын а., Ащыкөл а.), Кішіқарой а/о (Киев а., Бостандық а.), Май а/о, Восход а/о, Алқатерек а/о, Ұялы а/о, Талшық а/о (Талшық а., Үлгілі а., Қазан а., БЖСМ, Бестерек а.), 90 – жазықтық құрылыстар, оның ішінде: 54 – алаң (площадок), 33 – алаң (поля), 3 – спорттық ядро, 20 – атыс тирлері (Талшық а. - АІІБ, ЛСК, Бестерек ОМ, № 2 Ленинград ОМ, Новосел ОМ, Горький ОМ, Жаңаауыл ОМ, Кенащы ОМ, Ұялы ОМ, Үлгілі ОМ, Ақжарқын ОМ, Дәуіт ОМ, Май ОМ, Алқатерек ОМ, Қызылту ОМ, Восход ОМ, Қазан ОМ, Ленинград №1 ОМ, Бостандық ОМ, Киев ОМ).

Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін кіріктірілген бейімделген залдардың саны 11 бірлікті құрайды (мектеп-интернат – күрес залы, тренажер залы; БЖСМ – күрес залы, Бестерек, Жаңаауыл, Қарашілік, Ұялы, Алқатерек орта мектептерінде күрес залдары),(4 зал) Дене шынықтыру сауықтыру кешені.

Ағымдағы жылы спорт ғимараттарының саны 1 бірлікке артты. Ақжарқын ауылында жасанды жабыны бар 1 шағын футбол алаңы салынды. Сондай-ақ Тұғыржап БМ жабылды.

  1. Штаттық қызметкерлер саны бойынша негізгі көрсеткіштер дене шынықтыру және спорт саласында

2020 жылы ауданда дене шынықтыру кадрларының саны 84 құрады: оның ішінде БЖСМ қызметкерлері – 2, жаттықтырушы-оқытушылар - 19 штаттық (2 қосымша оқытушы), Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің оқытушысы – 1, мектептің дене шынықтыру оқытушысы – 44, спорт бойынша нұсқаушылар- 11, әдіскерлер – 2, спорт клубы аппаратының қызметкерлері – 2, дене шынықтыру және спорт бөлімі аппаратының қызметкерлері-3 адам.

  1. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы бойынша негізгі көрсеткіштер

Ақжар ауданында дене шынықтыру ұжымдарының саны-51 бірлік: 24 жалпы білім беретін мектептерде, Ленинград ауылшаруашылық колледжінде – 1, БЖСМ – 1, ДЮКФП - 1, 24 КФК ауылдық округтерде (12 а/о).

Дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 5390 адамды құрайды, оның ішінде мектептерде – 2241 (оның ішінде БЖКФП-да-357), Ленинградтағы ауылшаруашылық колледжінде – 147, БЖСМ-де-602, ауылдық округтерде-2400.

  1. БЖСМ жұмысының негізгі көрсеткіштері

Ақжар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 602 оқушы спорттың 10 түрімен шұғылданады: волейбол, футбол, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, бокс, еркін күрес, қазақ күресі, грек-рим күресі.

Спорттық – сауықтыру топтарының саны – 4 бірлік, бастапқы даярлық – 17 топ және оқу – жаттығу топтары – 35.

  1. Спорт түрлерін дамыту жөніндегі жұмыстың негізгі көрсеткіштері

Ақжар ауданының аумағында олимпиадалық спорт түрлерінен 3261 адамды қамтитын 127 секция жұмыс істейді. Ауданда соңғы жылдары олимпиадалық емес спорт түрлеріне деген қарым-қатынас айтарлықтай жақсарды: 1552 адамды қамтитын 26 секция жұмыс істейді.

Ақжар ауданының ДШжС
бөлімінің басшысының м.а. Жанбатыр Ж.Ж.

Дата публикации
02 августа 2022
Дата обновления
02 августа 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы