2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын iске асыру аясында 307,1 млн. теңге қаражат бөлiндi, бұл осындай iс-шараларға 2015 жылы (103 млн. теңге) бөлiнген қаражаттан 2,9 есе артық.
Бiрiншi бағыт «Инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамту» бойынша 4 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 132,8 млн теңге бөлiндi:
Бiлiм нысандары — 3, оның iшiнде:
- «Балдырған» балалар бөбек-бақшасын күрделi жөндеу үшiн 25,5 млн.теңге;
- Ленинград орта мектебiн күрделi жөндеуге 54,6 млн. теңге;
- Ұялы орта мектебiн жөндеуге 23,5 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi;
Мәдениет нысандары — 1, Қазан ауылының ауылдық клубын күрделi жөндеуге 29,3 млн. теңге бөлiнiп, игерiлдi.
Бiрiншi бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыру барысында 76 жұмыс орны құрылды, оларға Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 38 адам жұмысқа орналастырылды.
2016 жылдың екiншi жартыжылдығында қосымша елдi-мекендердi абаттандыруға ҚР Үкiметiнiң арнайы резервiнен 21 елдi-мекенде 30 жобаны жүзеге асыруға 84 349 млн. теңге қаражат бөлiнiп, игерiлдi (оның iшiнде ауылiшiлiк жолдарды ағымды жөндеуге — 12 жоба, спорт ғимараттарын жайластыруға — 2 жоба, балалар ойын алаңдарын орнатуға 12, тас төсеуiштер орнатуға — 2, көшелерге қоршау орнату бойынша 2 жоба).
Бағдарлама талаптары бойынша жобалар аясында 86 жұмыс орны құрылды, оның 36-ы Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламысының II бағыты бойынша «ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға көмек көрсету»
2016 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ-мен жалпы сомасы 70,0 млн. теңгеге 29 жоба несиелендiрiлдi, бұл жоспардың 100 пайыз орындалуы.
Барлық жобалар (29) iшiнен келесi салалар несиелендiрiлдi:
- мал шаруашылығы саласында — 23 жоба (79,3% немесе 52,7 млн. теңге) Талшық, Қулыкөл, Май, Ұялы, Ленинград, Кенащы, Бостандық, Киев, Горьковский ауылдарында;
- өсiмдiк шаруашылығына — 1 жоба (3,4 пайызы, 3,0 млн. теңгеге) Үлгiлi а. «Батырбек» ШҚ;
- қызмет көрсету саласында 3 жоба (10,3 пайызы немесе 9,0 млн. теңге). Дәуiт а. «Аймаганов» ЖК жолаушылар тасымалы, Талшық а. «Ащербеков» ЖК, «Джагипаров» ЖК жол бойында дәмхана ашуға;
- өндiрiс саласында — 2 жоба (608 пайыз немесе 5,3 млн. теңге) Қулыкөл а. «Кожулдаков» ЖК несиелiк қаражат сүт қабылдау пунктiн ашуға жұмсады, қосымша 2 жаңадан жұмыс орны құрылды. Бостандық а. «Мадали» ЖК бағдарлама арқасында нан-тоқаш өнiмдерiн шығаратын шағын наубайхана ашты, жаңадан 2 жұмыс орны құрылды.
Айтылған 29 жобаның — 9 қатысушысы қаражатты әрекет ететiн бизнестерiн кеңейту үшiн жұмсаса, бағдарламаның 20 қатысушысы өз iстерiн ашты.
Екiншi бағыт аясында жоспар бойынша 30 болғанымен, қосымша 33 жаңа жұмыс орындары ашылды, яғни жоспар 110 пайыз орындалды.
III бағыт «жұмыс берушiнiң сұранысына орай оқыту мен көшiрiп әкелу арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету»
1 құрам: «Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету» ЖОО, колледждер түлектерi арасынан жастар тәжiрибесiне 10 адам жiберiлдi, жоспар бойынша 7.
4 адам кәсiби оқу аяқтады (100%), оның iшiнде қайта даярлаудан — 2, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан — 2 адам өтiп келдi.
Олардың 2-уi «Айлин» ЖК (Талшық а.) есепшi ретiнде, 2-уi «Азамат» ЖК (Май а.) газэлектрсварщик ретiнде жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтiк жұмыс орындарына 11 жұмыссыз азамат жiберiлдi (жоспарға сәйкес- 8), яғни жоспар 137,5% орындалды.
Мәлiметтер базасына сәйкес тiркеудегi бос орындарға Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 265 адам жұмысқа орналастырылды, яғни жоспар артығымен 103% орындалды.
2 құрам: «еңбек қорларының мобильдiлiгiн арттыру». 2016 жылы ауданда Оңтүстiк Қазақстан облыстарынын азаматтарды көшiрiп әкелу бойынша жұмыстар атқарылды. Осы бағдарлама бойынша ауданға 8 961 мың теңге бөлiнiп, ауданға құрамында 19 адам 7 отбасы көшiп келген болатын.
7 адам еңбекке жарамды жастағы азаматтар, оның iшiнде 3-уi жұмысқа орналастырылды (1-уi Алқатерек мектебiне ағылшың тiлi мұғалiмi ретiнде, 2-уi Ащыкөл мектебiне отжағушы ретiнде), 2-уi зейнеткер, 2-уi бала күтуде, 8 бала, олардың 4-уi мектепке дейiнгi жаста болса, 3-уi мектеп жасындағылар (1, 2, 3 сыныптарда), 1-уi студент (Ленинград а/ш колледжi).
Алқатерек ауылындағы 4 отбасыға (13 адам) 1 092 315 теңге көлемiнде субсидия төлендi.
Ащыкөл ауылындағы 2 отбасыға (4 адам) 360 570 мың теңге көлемiнде субсидия төлендi (баспананы 7 отбасы өз қаражаты себiнен сатып алды).
1 отбасы қарауға жатпайды, себебi отбасы құрамында 1 ғана адам.
Сондай-ақ өңiрлiк квотаға оралмандады қосу жөнiндегi комиссия шешiмi бойынша ұүрамында 8 адамы бар екi отбасы осы қатарға қосылды.
1 отбасы Ленинград ауылында (2 адам), оларға 180 285 мың теңге көлемiнде субсидия төлендi
1 отбасы Талшық ауылында (құрамында 6 адам), оларға 477 225 мың теңге көлемiнде субсидия есептелдi.
2016 жылы бiздiң ауданға барлығы 8 млн 961 мың теңге субсидия бөлiнiп, оның 2 110 395 теңгесi игерiлдi.
2017 жылға арналған жоспарлар:
- 2 944 млн теңге қаражатқа әлеуметтiк жұмыс орындарын құру, жоспарда 10 адам;
- 3 406 млн.теңге сомаға жастар тәжiрибесiн ұйымдастыру, жоспарда 10 адам;
- 15 056 млн. теңге сомаға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жоспарда 207 адам;
- өзге өңiрлерден азаматтарды көшiрiп әкелудi ұйымдастыру, 40 адам құрамында 8 отбасын көшiру жоспарланып отыр, осы мақсаттарға көшiрiп әкелуге 3 176,6 млн теңге қарастырылған, сондай-ақ құрамында 50 мүше 10 оралман отбасыны қабылдау жоспарлануда, көшiрiп әкелуге қарастырылған субсидия 3 970,7 млн теңге. Баспананы жалға алуға субсидия 10,3 млн. теңге қарастырылған.
- әрдайым халық арасында «Өнiмдi жұмыспен қамту мен бұқаралық кәсiпкерлiктi дамыту 2017-2021» бағдарламасын жүзеге асыру механизмiн түсiндiру бойынша жұмыстар жүргiзу, Бағдарлама бағыттарына қатысуға бұдан да артық азаматтарды тарту.