Меню

Страницы

Статья

Жасыл экономика

«Жасыл экономикаға» көшу жөнiндегi шараларды жүзеге асыру бойынша қызметi туралы

ҚР «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасының негiзгi бағыттарын iске асыру мақсатында ауданда жүйелi жұмыстар жүзеге асырылады. Ақжар ауданнның аумағын дамыту бағдарламасында осы бағытқа сәйкес iс шаралар қарастырылған.

Осылай, ауданда жыл сайын көктем келуiмен абаттандыру, ауанның елдi мекендердi санитарлық тазалау бойынша улкен жұмыстар жүргiзiледi. Осы жүргiзумен бiздiң ауылдарымызды «сауықтырамыз», оларды көгалдандырамыз, тұрғын үй секторын, мәдени ескерткiштер, әлеуметтiк нысандарды жаңартамыз, осылайша өз ауданымыздың эстетикалық қалыпын жақсартамыз.

Үш айлық жүргiзу барысында ауданның елдi мекендерiнде 1595 дана ағаштарды және бұталарды отырғызу жоспарланған, жалпы аумағы 1377 м2 гүлзарлар бөлiнедi. 28 мұралар, 28 саябақтар, 70 бар оқу орындарының аумақтары, мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлерi, 4599 тұрғын үйлердiң үй алаңдары және аулалары қалыпқа келтiрiледi.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту «Аударды 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Айтарлықтай көңiл қатты тұрмыстық қоқыстарды басқару жүйесiн жетiлдiруге бөлiнедi. Қазiргi уақытта ауданның елдi мекендерiнде қоқыстарды үю бойынша кесте әзiрленген және бекiтiлген. 2017 жылдың 1 мамырдағы қалпы бойынша қоқыстарды орналастыру 23 объектiде iске асырылады, соның iшiнде 1 объектке барлық рұқсаттық құжаттар бар болып табылады. Жер учаскелерi 23 қоқыс тастайтын жерлерге рәсiмделген.

Ауданда тұрғындар үшiн және ұйымдар үшiн сумен қамтамасыз ету қызметiн «Акжар и К ЖШС» ЖШС көрсетедi. 2017 жылғы 1 қаңтарда ауданның 21 ауылы немесе 88% тұрғындары орталықтандырылған суды пайдаланады, ауданның 4 елдi мекенi немесе 12% орталықтандырылмаған сумен қамытылған.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi басшысының м.а.
Бактыбаев Болаткан

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

«Жасыл экономикаға» көшу жөнiндегi заңнамалық актiлер
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:

1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама (бұдан әрi — Тұжырымдама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

  1. Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiтсiн;
  2. осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi:

  1. өз қызметiнде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
  2. мемлекеттiк жоспарлау жүйесi қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуiн қамтамасыз етсiн.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 шiлдедегi №750 қаулысы

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — жоспар) бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделi ұйымдар:

  1. жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
  2. жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов

Дата публикации
28 апреля 2021
Дата обновления
28 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы