Қазақстан Республикасы IIМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқушыларды кәсiби бағыттау бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында, өткен аптада Талшық ауылы орта мектептерiнде 9, 10, 11сыныптарының оқушыларымен кездесу өттi.
КТИ үгiттеу бойынша жұмыс белсендi өтiп жатыр. Бүгiнгi күнде КТИ азаматтық қорғау мамандарын даярлайтын жалғыз «кадрлар ұстаханасы» болып табылады. Ақжар ауданының ТЖ бөлiмiнiң қызметкерлер құтқарушы мамандығының имиджi мен болашағы туралы айтып өттi. Қазақстан Республикасы КТИ туралы бейнефильмiнiң сюжетiнде оқушыларға оқыту барысының мәнi мен курсанттардың тұрмыс тәртiбi ашық көрсетiлдi. Оқуға түсу ережелерi мен үмiрткерлерге талаптар, институтқа түсү және оқыту мерзiмi түсiндiрiлiп өттi.
Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар болiмiнiң бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигi Қайрат Сатабалдинов