Азаматтық қорғаныс — Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазiргi заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiнде бейбiт уақытта және соғыс уақытында жүргiзiлетiн жалпымемлекеттiк iс-шаралар кешенiн iске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi.
Азаматтық қорғаныстың ең өзектi мiндетi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан, сондай-ақ әскери iс-қимылдарын жүргiзу кезiнде немесеосы iс-қимылдардың салдарынантуындайтын қауiптерден халықты және аумақты қорғау болып қала бередi.
Өркениеттiң дамуы барысында туындайтын қауiп-қатер тиiстi қорғану құралдары мен тәсiлдерiнiң пайда болуынаықпал етуде, ал қазiргi заманғы даму кезiнде толық мемлекеттiк қорғану жүйесiн құруды талап етедi.
XX ғасырдың ортасында ядролық қарудың,зымырандардың пайда болуы халықты және аумақты жаппай қырып-жою қаруынан қорғау мәселесiн күрделендiрiп жiбердi, бұл мәселе жаңа қорғану құралдары мен тәсiлдердi қажет еттi.
АҚ ұйымдастыру және жүргiзу-мемлекеттiк ең негiзгi мiндеттерiнiң бiрi, қорғаныс құрылысының құрамдас бөлiгi,ұлттық қауiпсiздiк элементi.
Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi:
Қазiргi уақытта азаматтық қорғаныстың мақсаты мен мiндеттерi ұлттық қауiпсiздiктi және елiмiздiң қорғаныс қабiлетiн сақтау үшiн жүргiзiлетiн сыртқы және iшкi саясаты ескерiле отырып, азаматтық қорғанысты жүргiзуге ресми қабылданған көзқарастар жүйесiмен айқындалады.
Осы мақсаттарға жету үшiн алдын ала, бейбiт уақытта кешендi ұйымдастыру, инженерлiк-техникалық және басқа да АҚ iс-шаралары ұйымдастырылып, жүзеге асырылады.
Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар болiмiнiң бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигi Қайрат Сатабалдинов