Меню

Страницы

Статья

Су тасқыны қаупi кезiнде дайындалу бойынша ауылдық аймақтарға рейдтер жүргiзiлдi

Тұрғын-үй секторларындағы өрттердi азайту және алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың 2017 жылдың тасқын су кезiндегi iс-қимылға үйрету мақсатында Ақжар ауданының төтенше жағдайлар басқармасының жұмыс тобымен тасқын су болуы мүмкiн деген жерлерге (Ақсары ауылы,Ащыкөл ауылы, Новосельское ауылы, Кулыкөл ауылы) комиссиялық тексерiс жұмыстарын жүргiздi.

Бұл профилактикалық iс-шаралар көктем кезiнде су тасқынды қауiпсiз өтуге, ауылдық жерлерде судың көтерiлуi мен жайылуында адамдардың қаза болуын және зардап шегуiн болдырмауды, сонымен қатар тұрғын-үй секторларындағы өрттердi азайту және алдын алу мақсатында бағытталған.

Үйлердi аралап, жиылыс өткiзiлiп тұрғындарға көктемгi тасқын су кезiнде болатын iс-қимылдарға үйретiп, тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi, тұрмыста пайдаланылатын газ жөнiнде негiзгi ережелер таныстырылды. Ауыл тұғындарына ТЖ кезiндегi алғашқы iс-қимылдар тақырыбында жадынамалар табысталды.

Елдi-мекендерде көктем кезiнде тасқын су мезгiлiндегi болуы мүмкiн төтенше жағдайларды жою бойынша шаралар дайындығы және орындалуы туралы ақпарат жинау iс-жүзiнде асырылуда.

Рейд нәтижесi бойынша су тасқыны жөнiнде 442 ауыл тұрғыны дәрiс алды.

Елдi мекендердегi көктемгi су тасқынға дайындалу, өткiзу, адамдардың қаза болмауы мен мүмкiн болатын шығынды төмендетуге бағытталған шаралар жалғастырылып жатыр.

Ақжар ауданы Төтенше жағдайлар болiмнiң бастығы
азаматтық қорғау подполковнигi Вадим Ващенко

Дата публикации
23 апреля 2021
Дата обновления
23 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы