Наурыз — көктемгi жаңарудың мерекесi, өмiр мерекесi. Бұл күнi адамдар мерекенi қауiпсiздiкте қарсы алғанын, мейрамды күннiң күңгiрпеуiн қалаймыз. «Наурыз Мейрамын» дайындау және өткiзу кезеңiнде отбасылық амандықтың белгiсi болып табылатын шаңрақтың үстiнен от жалынының шықпауы, ал қазақтардың ежелгi тұрғын үйлерi күлге айналмас үшiн, киiз үйлерде өрт қауiпсiздiк талаптарды мiндеттi түрде сақтау қажет.
Сондықтан киiз үйде қатаң өртке қарсы режимiн (электржылытқыш және газды құралдарды пайдаланудың тәртiбiн анықтау, өрт қауiпсiздiгiне жауапты тұлғаларды тағайындау) орнату қажет.
Киiз үйде жарықтандыру мен жылыту үшiн көбiнесе электр қолданылатындықтан, электржелiсi мен электрорнатуларын қауiпсiз пайдалануын қамтамасыз ету, ақаулықтарды жоюға шараларды уақытылы қабылдау қажет.
Температураны қолды және автоматты реттеумен жабық жылыту элементтерi бар зауытта шығарылған электржылытқыш құрылғыларды пайдалануға жол берiледi. Берiлген құрылғы жанғыш материалдардан 0,5 метрден кем емес жерде орнатылуы қажет. Оны қараусыз электр жүйесiне қосулы күйiнде қалтыруға тыйым салынады.
Қысқа тұйықталудан және басқа да қалыпсыз жұмыс режимiндерден қорғау үшiн электрқабылдағыштардың кесiмдi тоғына есептелген сақтандырғыштарды (автоматты сөндiргiштер) қолдану керек. Есте сақтаңыз, тасталған темекi тұқылы мен сөнбеген сiреңкеден бiр емес, бiрнеше тұрғын-үй өрттенген болатын, ал киiз бұл тұрғыда да осал болады!
Киiз үйлерде және оларға жақын жерде ашық отты пайдаланбаңыз. Көбiнесе киiз үйде асты пiсiру немесе оны жылыту үшiн газды құрылғы пайдаланады. Ал бұл — қауiптiң ықтимал қайнар көзi болып табылады, сондықтан оны қолдануда қауiпсiздiк шараларын сақтаған жөн.
Газды баллонды жылыту құралғылардың қызатын беттен 1 метрден аз емес қашықтықта, ал газды плиталарды — жанғыш құрылыстардан 30 см аз емес қашықтығында орналастыру қажет. Газды баллонның бұзылған формасы, терең сызаттар, жарықтар, коррозийлер болмауы керек, ал оның мiндеттi элементтерi: жабыншақ, тоспа және бос және толған баллонның салмағы, газдың салмағы, жұмыс iстеу қысымы мен техникалық куәландыру мерзiмi (бес жылда 1 рет) жазылған төлқұжаты болып табылады. Сыйымдыллықтың тетiгiндегi резенкелi нығыздағы сақина иiлiмдi, бұзушылықтарсыз болуы керек.
Әрине, газда тамақты қалтыруға болмайтыны белгiлi. Егер де баллон «уландыра» бастаса, (ол дегенiмiз газдың кемуiнiң байқалуы), қауiпсiз қашықтықта оны абайлап шығарып, 104 телефон номерi арқылы авариялық газды қызметтерiнiң мамандарын шақыру қажет.
Осы ережелердiң бәрi қолданыста қарапайым және үлкен шығындарды талап етпейдi. Есесiне оларды сақтау кезiнде Сiз табиғаттың жаңдану мерекесi қайғыға орайлайтынына, ал көктемгi көгiлдiр аспан өрттердiң түтiнiмен жабылмайтытына сенiмдi бола аласыз.
СҚО ТЖ департаментi бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигi Нұрлан Атығаев