Меню

Страницы

Статья

Оқу мекемелерiнiң өрт қауiпсiздiгi

Балаларын мектепке жiберiп, ата-аналар әдетте оның қауiпсiздiгiне сенiмдi және алаңдамайды. Бұл үшiн қандай үлкен жұмыстың атқарылып жатқанын, олар бiле бермейдi. Жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң қауiпсiздiгi — оқушыларды және мүлiктi iшкi және сыртқы қауiптен барынша сақтау үшiн мемлекеттiк органдармен және мекеме әкiмшiлiгiмен әзiрленген шаралар кешенi. Мұндай қауiпсiздiк едәуiр кең әртүрлi ұстанымды және бағытты қамтиды: экологиялық қауiпсiздiк, қопарылу қауiпсiздiгi, радияциялық қауiпсiздiк, электротехникалық қауiпсiздiк жән өрт қауiпсiздiгi. Бiрақ оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша қызметтiң негiзгi бағыттарының бiрi — мектептегi өрт қауiпсiздiгi.

Ақжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлiмiнiң жұмыс жоспарларына сәйкес 2017 жылғы наурыз айынан бастап мамыр айына дейiн мемлекеттiк өрт бақылау қызметкерлерi Қазақстан Республикасы өрт қауiпсiздiгi нормалары және ережелерi талаптарының сәйкестiгiне бiлiм беру объектiлерiне тексерулер жүргiзедi.

Объектiлерде өрттiң алдын алу мақсатында, мектептен эвакуациялық шығу жолдарының жағдайына назар аудару қажет. Эвакуациялық шығу жолдарында өрт болған жағдайда қауiпсiз және тез арада эвакуациялауға кедергi келтiрмейтiн, ешқандай заттардың болмауы керек. Эвакуациялау жолдары ашық болуы қажет. Эвакуациялау жолдарында есiктер өзiнен және iшiнен кiлтсiз ашылуы тиiс. Егер сiз бөгде бiреулердiң кiрiп кетуiнен қорықсаңыз, бәрiбiр: күндiз есiктер iшiнен тез ашылатындай тиектеп қоюға, ал түнде кiлтпен жауып тастауға да болады. Аталған нормаларды сақтау өрт болған жағдайда оқу мекемесiнде оқушыларды ғимараттан эвакуациялауды ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.

Бiрақ сақталуы тиiстi маңызды шарттың бiрi — бұл адамдарды өрт туралы хабарландыру және автоматты өрт сигнализациясының жұмыс жасап тұрған жүйесi. Еш уақытта автоматты өрт сигнализациясыныңшлейфтерiн сөндiрмеңiз!Автоматты өрт сигнализациясының индикациясы панелiнiң жиынтығына назар аударыңыз, онда өрт туралы хабарлағышы бар барлық кiшкентай шамдар жасыл түспен жанып тұруы керек. Егер сонда да бiр шлейф жанбаса — қызмет көрсететiн ұйымға қоңырау шалыңыз, жөндеудi талап етiңiз. Автоматты өрт сигнализациясының жұмысы өрттi бастапқы кезеңiнде табуға мүмкiндiк бередi.

Келесi кезең алғашқы өрт сөндiру құралдарына қатысты. Бiрiншiден, олар болуы керек. Екiншiден, олар дұрыс күйде болуы керек. Ерiнбеңiз және өзiңiз жеке барлық өрт сөндiргiштердi қарап шығыңыз: манометр не көрсетiп тұрғанын, өрт сөндiргiштi қашан қайтадан зарядтау қажет екендiгiн, қашан кезектi тексеру күнi келетiнiн зерттеңiз. Тағы бiр өрт сөндiргiштерге қатысты айтарлықтай маңызды аз ғана өзгешелiк — бұл олардың қолжетiмдiлiгi. Олар көзге көрiнетiн жерде орналасуы және оларға еркiн жақындау жолы болуы керек. Дұрыс күйдегi алғашқы өрт сөндiру құралдарының болуы, бұл өрттердi бастапқы кезiнде сөндiрудi ұйымдастыруға және оған үлкен аумаққа жайылып кетпеуге мүмкiндiк бередi.

Сонымен бiрге электр сымдарының және электр қондырғыларын дұрыс күйде ұстау туралы еске салғымыз келедi. Электр сымдарын пайдалану кезiнде ешқандай орау және өз еркiмен жалғау болмау керек. Бастысы, қорғаныс жүйелерiмен жабдықталмаған, ұзартқыштар, үш тармақтар, көбейткiштер және басқа ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады. Нақтырақ айтқанда, кернеудiң кенеттен өзгеруi жағдайында ұзартқышты тоқсыздандыратын, сақтандырғыштармен. Сiз мүлде бес минутқа қостыңыз ба немесе дүкенде сiзге қажет өлшемде ұзартқыш жоқ, және сiзге оны өзiңiз жасауға тура келдi ме тiптi маңызды емес. Электр сымдары электр қондырғыларын пайдалану талаптарына сәйкес болуы керек, себебi бұл өрттердiң пайда болу көздерiнiң бiрi болып табылады.

Егер өрт қауiпсiздiгi ережелерi барлығымен, ең кiшi оқушыдан бастап басқарушы буынға дейiн мәлiм және бұлжытпай сақталатын болса, қайғылы жағдайларды болдырмауға болады. Егер әрқайсысы өрт кезiнде дұрыс iс-әрекеттi ұстанса, өз өмiрiн сақтауға, және басқалардың да қауiпсiздiгiне қамқорлық жасаса, адамдардың қаза болуын болдырмауға болады.

Әркiмнiң мiндетiне «101» және «112» телефоны бойынша өрт сөндiрушiлердi шақыру, жайлардан адамдарды эвакуациялау және мүмкiндiгiнше оттың таралуына жол бермеу жатады. Егер адамдардың өмiрiне қауiп төнiп тұрса, материалдық құндылықтарды құтқаруға талпынбау керек.

Ақжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлiмi оқу мекемелерi объектiлерiнiң басшыларына өз объектiлерiңiзде өрттi болдырмау және ата-аналары Сiздерге сенiп тапсырған балаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауларыңызды сұранады.

 

Дата публикации
23 апреля 2021
Дата обновления
23 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы