Меню

Страницы

Статья

Егер пиротехниканың ақауы бар

Жыл сайын жаңа жылдық мерекелер уақытында ондаған өрттер болады. Олардың туындау себептерi пиротехникалық бұйымдарды пайдалану болып табылады. Жағдайлардың көбiнде перотехниканы абайсыз пайдалану салдарынан дәл балалар түрлi күйiктер мен жарақаттар алатыны анық.

Мұндай фактiлердiң алдын алу мақсатында Ақжар ауданының ТЖ бөлiмi мен АIIб қызметкерлерi серфикатталмаған пиротехникалық тауарларды сату орындарында — ауданның дүкендерi мен сауда үйлерiнде рейдтер жүргiзедi.

ТЖ аулақ болу үшiн, майысқан, жыртылған, суланған,корпусы немесе бiлтенiң сызаттары немесе басқа да зақымдары, ақаулықтары бар пиротехникалық өнiмдердi пайдалануға тыйым салынады. Отшашуларды қалтада ұстауға, оларды алауда жағуға, бөлшектеуге және оларды механикалық әсерге түсiруге, мас күйiнде пиротехникалық бұйымдармен ойнауға, оларды жылыту жабдықтарының қасына қою және қасында темекi тартуға болмайды.

Ағаш бұтақтарының, электрберу желiлерiнiң астында және жанғыш заттардың қасында отшашуды қосуға және бiлтенi жағу уақытында оған еңкеюге, жағылмаған өнiмдi қайта жағу қауiптi. Ең бастысы — балалардың ересектердiң бақылаунсыз пиротехникалық бұйымдарды жағуына жол бермеу қажет.

Қайрат Сатабалдинов,
СҚО ТЖД Ақжар ауданы
ТЖ бөлiмiнiң бастығының м.у.а.
азаматтық қорғау подполковнигi

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы