Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Ресрубликасында Азаматтық қорғаныс жүйесiнiң құрылғанына 87 жыл толуы!»

Азаматтық қорғаныс — Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қазiргi заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөнiнде бейбiт уақытта және соғыс уақытында жүргiзiлетiн жалпымемлекеттiк iс-шаралар кешенiн iске асыруға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi.

Азаматтық қорғаныстың ең өзектi мiндетi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан, сондай-ақ әскериiс-қимылдарын жүргiзу кезiнде немесеосы iс-қимылдардың салдарынантуындайтын қауiптерден халықты және аумақты қорғау болып қала бередi.

Өркениеттiң дамуы барысында туындайтын қауiп-қатер тиiстi қорғану құралдары мен тәсiлдерiнiң пайда болуынаықпал етуде, ал қазiргi заманғы даму кезiнде толық мемлекеттiк қорғану жүйесiн құруды талап етедi.

XX ғасырдың ортасында ядролық қарудың,зымырандардың пайда болуы халықты және аумақты жаппай қырып-жою қаруынан қорғау мәселесiн күрделендiрiп жiбердi, бұл мәселе жаңа қорғану құралдары мен тәсiлдердi қажет еттi.

АҚ ұйымдастыру және жүргiзу –мемлекеттiк ең негiзгi мiндеттерiнiң бiрi, қорғаныс құрылысының құрамдас бөлiгi,ұлттық қауiпсiздiк элементi.

Азаматтық қорғаныстың негiзгi мiндеттерi:

  • төтенше жағдайлар мен олардың салдарын ескерту және жою;
  • бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдай туындаған кездеавариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттiрмейтiн жұмыстардан адамдарды құтқару мен көшiру;
  • азаматтық қорғау күштерiн құру, оларды даярлау және ұдайы әзiрлiкте ұстау;
  • орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда мамандарды дайындауды ұйымдару және халықты оқыту;
  • қорғаныш құрылыстарын және азаматтық қорғаудың жеке қорғау құралдарының қоры және басқа мүлiктерiқажеттi қорын жинақтау және әзiрлiкте ұстау;
  • төтенше жағдай туындағанда немесе төтенше жағдай туындаған жайында құлақдар болғанда алдын ала азаматтық қорғау басқармаларын, халықты ақпараттандыру және хабардар ету;
  • азық-түлiктi, су көздерiн (шаруашылық-ауыз су үшiн), тағамдық шикiзат,жемдi, жануарлар мен өсiмдiктердi радиоактивтiк, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зарарланудан, эпизоотиялар мен эпифитотиялардан қорғау;
  • өнеркәсiптi және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
  • хабарландыру және байланыс жүйелерiн дамыту, құру және ұдайы әзiрлiкте ұстау;
  • қазiргi заманғы зақымдау құралдарын iске асыру бойынша iс-шаралар әсерiн азайту немесе жою қауiптi факторларын әзiрлеу, мониторинг жасау;
  • мемлекеттiк резервтi сақтау және пайдалану,қамтамасыз етудi қалыптастыру.

Қазiргi уақытта азаматтық қорғаныстың мақсаты мен мiндеттерi ұлттық қауiпсiздiктi және елiмiздiң қорғаныс қабiлетiн сақтау үшiн жүргiзiлетiн сыртқы және iшкi саясаты ескерiле отырып, азаматтық қорғанысты жүргiзуге ресми қабылданған көзқарастар жүйесiмен айқындалады.

Осы мақсаттарға жету үшiн алдын ала,бейбiт уақытта кешендi ұйымдастыру, инженерлiк-техникалық және басқа да АҚ iс-шаралары ұйымдастырылып, жүзеге асырылады.

Қайрат Сатабалдинов,
СҚО ТЖД Ақжар ауданы
ТЖ бөлiмiнiң бастығының м.у.а.
азаматтық қорғау подполковнигi

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы