
Ормандардағы және шымдардағы барлық өрттер құрғақ ыстық ауа-райы кезiнде найзағай жарқырағанда, отпен абайсыз болғанда, жер қабатында кепкен шөптердi өртегенде және басқа да себептермен болуы мүмкiн. Өрттер елдi мекендердегi ғимараттар, ағаш көпiрлер, электр тасымалдау желiлiрi, мұнай өнiмдерi қоймалары басқа да жанғыш материалдардың жануына, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың зақымдануына әкелiп соқтыруы мүмкiн.
Орман массивтерiнде орман төсенiштерi, жас ағаштар және шағын тоғайлар, шөп-бұта жамылғылары, ағаш қалдықтары, тамырсабақтар және с.с. жанған кезде орманның төменгi жақтары жанады. Құрғақшылық мерзiмiнде қылқан жапырақ жынысына жататын ағаштардың бөрiкбастарынан от тараған кезде желдi күндерi орманның жоғарғы жақтары жануы мүмкiн. Төменгi жақтағы өрттiң тарау жылдамдығы минутына 0.1-ден 3 метрге дейiн, ал жоғарғы — жел бағыты бойынша минутына 100 метрге дейiн.
Шым және өсiмдiктердiң тамырлары жанған кезде, жан-жаққа тарайтын жер асты өрттерi болуы мүмкiн. Шым өздiгiнен де, тiптi су астында ауа өтпеген кезде де жануы мүмкiн. Жанып жатқан шымның үстiнен ыстық күл және жанып жатқан шым күлдерiнен «бағаналық құйын» пайда болып, қатты жел соққанда үлкен қашықтыққа көшедi және жаңа тұтануды немесе адамдар мен жануарлардың күюiн тудыруы мүмкiн.
Алдын алу iс-шаралары
Елдi мекендердi қорғау және жаппай өрттердiң шығынын төмендету үшiн алдын ала ормандарда енi 5-10 метр, ал қылқан жапырақ ормандарында 50 метрге дейiн ормандағы жолдарды және грунт жолағын салу және тазалау iс-шаралары жүргiзiледi. Елдi мекендерде 1 гектарға 30 шаршы метрден кем емес есеппен есептелетiн тоғандар және су қоймалары қойылады.
Елдi мекендерде орман және шым өртенген кезде елдi мекендерге жақын жерлерде өртке қарсы қызмет буындарынан кезекшiлiк ұйымдастырылады; орман массивтерiне жанасып салынған құрылыстар арасындағы грунттық жолақтарды тазалау жүргiзiледi; елдi мекендер құрылысының шекарасына жақын орналасқан 1 метр орман төмпешiктерiне 10 литрдан кем емес есеппен өрт су қоймаларына толтырылады; құдықтар мен тоғандар қалпына келтiрiледi; мақта-дәке таңғыштары, респираторлар және басқа да дем алу органдарын қорғау құралдары дайындалады; құрғақшылық мерзiмде ормандарға бару тәртiбi шектеледi (әсiресе автомобильмен).
Егер сiз өрмандағы немесе шым өртiнiң ошағына жақын жерде болсаңыз және оны жоюды өзiнiң күшiңiзбен жоюға, тарауының алдын алуға және өшiруге күшiңiз жетпесе, тез арада қауiптi аумақтан шығу қажеттiлiгi туралы қасыңыздағы жақын адамдарға ескертiңiз. Олардың жолға немесе ормандағы жолға, өзен жағалауына немесе басқа су қоймасына, егiстiкке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауiптi аумақтан тез, от бағытына перпендикуляр бағытта қарай шығыңыз. Егер өрттен шығу мүмкiн болмаса, су қоймасына енiңiз немесе су киiммен жамылыңыз.Ашық жерге немесе алаңқайға шығып, жерге жақын ауамен тынысталыңыз — ол жерде түтiн аз болады, аузыңыз бен мұрныңызды мақта-дәке таңғышымен жабыңыз.
Өрт аумағынан шыққаннан кейiн, өрттiң болып жатқан жерi, көлемi және сипаты туралы елдi мекеннiң әкiмшiлiгiне, срндай-ақ халыққа хабар берiңiз. Елдi мекенге өрт аумағының жақындауы туралы хабарлау дабылын бiлiңiз және өрттердi сөндiрудi ұйымдастыруға қатысыңыз.
СКО ТЖД-тi Ақжар ауданы ТЖБ
а.қ. подполковнигi
Қайрат Сатабалдинов