Жыл сайын аудан аумағында жаз, күз уақыттарында өрттiң күрделi жағдайлары туындап, өрттiң болу себебi Қазақстан алқаптарында жаз, күз мезгiлдерiнде құрғақ желдiң негiзiнде дала алқаптарында өрттiң кең таралуын көрсетедi. Ондаған , мыңдаған гектар шабындық жерлер, астық дақылдары бiрнеше сағаттың iшiнде қатты оттан қара күлге айналады.Бұның барлығы дала алқаптарында жүрген жұмысшылардың қателiгiнен болып жатыр, әсiресе, ұқыпсыз темекi шегу, отпен дұрыс пайдаланбау, комбайн, трактор, автокөлiктердiң мотор құбырынан шығатын ұшқындардың құрғақ шөпке ұшуы дала алқаптарында өрттiң орын алуының бiрден бiр себептерi. Жаз және күз айларының ыстық ауа райында құрғақ шөп пен сабан кiшкентай ұшқындардан жанып кетуi мүмкiн. Сондықтан мотор құбырынан шығатын ұшқынның сөнуi ауылшаруашылық техникасының ұшқын ұстағыштарымен арнайы жабдықталуы керек. Заманауи құрылғылар трактор, комбайндердiң жұмысының қауiпсiздiгiн толықтай қамтамасыз етуге сенiмдi. Астық дәндерiн жинауға шығартын машинаны ұшқын ұстағышынсыз шығаруға категориялық тұрғыдан тыйым салынады. Бұл ереженi бұзу өрттiң пайда болуына әкелiп соғады.
Қатаң өрт режимiн сақтау, сонымен қатар автотұрақ орны және адамдардың уақытша тұратын орнын, ауылшаруашылық техникаларының жанармай құю орнын қадағалау өте маңызды. Осыған орай сақтау орны, жанармай құю бекеттерi астық дәндерiн шығару орнынан және шабындық жерлерден 100 м. қашықтықта орналасуы керек. Өрт сөндiргiш және импровизацияланған құралдар артығымен болуы керек. Жазық далада жұмыс жасайтын комбайн, трактор және т.б. техникалар өртке қарсы құралдармен, яғни, 2 өрт сөндiргiш, 2 арнайы күрек, 2 сыпырғыш, кенепте матамен жабдықталуы керек.
Астық өнiмдерi, шабындық жерлер, мал жайылымының күзетi негiзiнде өткiзiлетiн iс-шаралардың басты мақсаты — өртке қарсы ереженi барлық тұлғалардың қатаң орындауларын қамтамасыз ету. Астық өнiмдерi, шабындық жерлер, жайылымдық жерлер мәселелерi және басқа да мәселелер әр ҚР азаматының борышы екенiн естен шығаруға болмайды.
Ауылшаруашылық мекемелерiнiң жетекшiлерiне жазғы кезеңде өрт қауiпiне жол бермеу үшiн өрт қауiпсiздiк ережесiне қойылатын талаптарды қадағалау жеткiлiктi.
СКО ТЖД-тi Ақжар ауданы ТЖБ
азаматтық қорғау подполковнигi
Қайрат Сатабалдинов