Бұл мақалада шомылу кезiнде адам денсаулығына ешқандай зақым түспеуi жөнiндегi мәлiметтер жиналған. Судағы қауiпсiздiк — әр демалушының жеке мiндетi. Суға батып бара жатқан адамды құтқару — ең бiрiншi кезекте суға батып бара жатқан адамның мiндетi. Суда демалуда қауiпсiздiк ережесiн сақтау проблемалардан алшақ болуды көрсетедi.
Жаз айының ыстық ауа райында демалушылардың көбi пассивтi емес, активтi демалуға ұмтылады. Су қоймаларында судағы белсендi ойындар қауiпiнен сақтанған жөн. Суда емес, жағажайда доп ойнау көзге судың тиюiнен, мұрын мен құлаққа кiруден сақтайды. Аяқ-қолды ұстап алып сүйемелдеу, биiктiктен суға секiру, бiр-бiрiн суға итерiп құлату деген сияқты ойындардан бас тартыңыз.
Судағы қауiпсiздiк — бұл ереже.
- Арнайы белгiлер орнатылған жерлерде шомылыңыз. Белгiлер — кәсiби мамандардың айтуы бойынша әрi қарай жүзуге болмайтын шекара. Белгiлер судың тереңдiгi улкен екенiн куәландыра алады. Көптеген су қоймаларында арнайы бегiлердiң ар жағына қайықтар, катамарандар, су мотоциклдерiнiң өтуiне ғана рұқсат берiлген.
- Өте терең жерге түспеңiз: аяғыңыз жерге тиетiндей жерде жүрiңiз.
- Қажет болмаған жағдайда өзеннiң бергi бетiнен екiншi бетiне шығу қажет емес.
- Тiптi ең ыстық күндерi терең орналасқан сулар салқын күйiнде болуы қалыпты жағдай. Салқын суда жүрген адамның дене температурасы түседi. Дене температурасының түсуi аяқ-қолды әлсiретедi, демек, егер адам судың ортасындағы тереңдiкте болатын болатын болса, судан шыға алмау қауiпi төнедi. Салқын суда көп уақыт өткiзу дене әлсiздiгiне әкелiп соқтырады: осындай жағдайда судың бергi жағына шығып көмекке шақыру керек.
- Негiзгi көрсеткiштерге қарағанда суға көбiнесе мас күйiндегi адамдар кетiп жатады. Егер сiз тiптi жай ғана жеңiл алкогольдi iшiмдiктi пайдалансаңыз суға бармаңыз, суға түспеңiз және суда шомылмаңыз. Алкогольдi iшiмдiк iшу мен суға түсу — бiр-бiрiне қарама-қайшы және сiздiң денсаулығыңыз бен өмiрiңiзге қауiп төндiредi.
- Ешқашан су жағасында балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсiресе, егер олар жүзу бiлмесе.
Өзiңiздiң қауiпсiздiгiңiз үшiн су қауiпсiздiк ережесiн ұстаныңыз.
СКО ТЖД-тi Ақжар ауданы ТЖБ
азаматтық қорғау подполковнигi
Қайрат Сатабалдинов