Меню

Страницы

Статья

Правила пожарной безопасности при заготовке грубых кормов ЧС предупреждает!

Тұрғын үй секторларында егiн жинау кезеңдерi болып жатыр. Осы уақытта өрт негiзiнде болған бақытсыздықтар адамдардың қарапайым өрт қауiпсiздiк ережесiн ескермегендiктен туындайды. Ауылшаруашылық техникаларының шабындық және жеке шаруашылық жетекшiлерiне өрт қауiпсiздiк ережесi туралы айта кеткен жөн. Астық өнiмдерiн сақтау қоймасын арнайы бөлiнген алаңға жайғастыру көзделiп отыр, яғни 15 м. қашықтықта орналасқан жалпақ егiстiк 4 метрден кем болмауы керек. Астық өнiмдерi мен электр желiлерiнiң арақашықтығы 15 метрден кем болмауы керек, ал жолға дейiнгi арақашықтық 20 метр. Астық өнiмдерiн жинауға шығар алдында жүргiзушiлер ұшқын ұстайтын қондырғыны тексерiп алып, тұтану жүйелерi мен жанармай жабдықтарын бiр тексерiп шығу қажет. Астық өнiмдерiн сақтау қоймасында өрттiң алдын алу үшiн тракторлар қорғандарға 3 метрге дейiн жақын жүрмеуi керек. Жазық далада, әсiресе, желдi күнде өрт кең жалын болып тез таралады, осындай жағдайда өрттi тоқтатудың тиiмды әдiсi — жырту. Жеке сектордың дәндерiн жинау қоймасы ауылшаруашылық ғимараттарынан 10 метр қашықтықта орналасуы керек.

Азық сақтайтын қоймаларда өрттiң жиi кездесетiн себебi — балалар ойыны. Сондықтан ата-аналардың балаларының қайда және қалай уақыт өткiзетiндiктерiн қадағалай отырып, оларға отпен ойнау қауiптi екенiн айтып және азық дәндерiн сақтау қоймаларының қасында ойнауларына жол бермеу керек. Сiздерге қыс мезгiлiне жақсы дайындық тiлеп, ауыл тұрғындарынан өрт қауiпсiздiгi ережелерiн ұмытпауларын өтiнемiз.

СКО ТЖД-тi Ақжар ауданы ТЖБ
азаматтық қорғау подполковнигi
Қайрат Сатабалдинов

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы