Меню

Страницы

Статья

Бiз — су қауiпсiздiк ережесiн қолдаймыз!

Сәлеметсiздер ме құрметтi Ақжар ауданының тұрғындары. Мен Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылының тұрғынымын. Аты-жөнiм Тұрғамбек Мадина Боранбайқызы. Өз атымнан су қауiпсiздiк ережесi туралы қысқаша айтып өтейiн. Менiң ойымша, сәтсiз, кейде қайғылы демалыстың орын алуының негiзгi себебiне азаматтардың өз бейқамдықтарын, судағы қарапайым ережелердi сақтамау мен ата-аналардың балаларын қараусыз қалдыруларын жатқызуға болады. Көбiнесе трагедиялық жағдайлар алкогольдi iшiмдiк iшу, мас күйiнде суға түсу, құтқару станциялары жоқ жерлерде адамдардың суға түсу кезiнде болып жатады. Суға батып бара жатқан адам тiптi көмек сұрауға үлгермей қалады. Мас күйiндегi адамның суға батып кету мүмкiншiлiгi жоғарылайтынын есте сақтау керек, шомылу мен iшiмдiк iшу осы екi ләззатты араластыруға болмайды. Күшiңiздi асыра бағалау маңызды емес. Ешқашан өзiңiздi мқты жүзушi ретiнде бағаламаңыз, мүмкiн сол кезде қартайған шағыңызға дейiн суда жүзерсiз. Су жағасында демалу үшiн келесi ескертулерге назар аударған жөн:

  • Белгiленген орындарда шомылыңыз: арнайы жабдықталған және рұқсат берiлген жағажайларда.
  • Ешқашан ашық судың жанында балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Олар бiрден батып кетуi мүмкiн. Тiптi ұсақ судың өзiнде үнемi балалардың қасында болыңыз.
  • Алыс қашықтыққа жүзбеңiз және өз күшiңiздi есептеңiз.
  • Суға шомылу кезiнде бiр-бiрiңiзден көз жазып қалмаңыздар.
  • Алкогольдi iшiмдiк iшу кезiнде суға түспеңiз.
  • Суық суда көп уақыт өткiзбеңiз(сүңгiмеңiз).
  • Өзен мен көлге қарсыласып жүзудiң қажетi жоқ.
  • Жүүзе алмайтын адамдарға арналған үрленген заттарға сенiм артпаңыз.
  • Белгiсiз терең жерлерге бас сұқпаңыз, басыңызды жерге соғып, қайғылы жағдайға әкелiп соғуы мүмкiн.
  • Жануарларды құтқарамын деп немесе сол жерден ойыншықтарды тағы басқа заттарды аламын деп каналдарға секiрудiң қажетi жоқ.
  • Экстримальдi жағдай кезiнде үлкендердi көмекке шақырыңыз немесе ұялы телефонмен 112-ге хабарласыңыз.

Есте сақтаңыз! Судағы қауiпсiздiк ережелерiн бұзу — судағы бақытсыздықтың негiзгi себебi.

Тұрғамбек Мадина Боранбайқызы

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы