Меню

Страницы

Статья

Үйден шыққанда естен шығармаңыз

Қауiпсiздiк — адамға, оның тамаққа, суға, киiмге, тұрғын үйге қажеттiлiгiмен бiрге ең басты қажеттiлiк болып табылады. Тұрғын үйде болған өрт — бұл үлкен дерт. Өрт өз жолында бәрiн құртады, бiрнеше секундта адамдар баспанасынан, жылдар бойы жинаған мүлiктен, ал кейде ең бастысы — өмiрiнен айырылады.

Статистикаға сүйенсек, бiр жыл iшiнде өрттердiң басым бөлiгi тұрғын-үй секторында болады. Бұл өрттер кезiнде көбiнесе адамдар зардап шегедi және жарақат алады. Адам факторы тұрғын-үйде болатын барлық өрттердiң себебi болып табылады. Өрт үлкен материалдық шығынға әкеп соқтырады, және көбiнесе адам өмiрiнiң қиылуына әкеледi. Сондықтан өрттен қорғау әр қоғам мүшесiнiң басты мiндетi, ал профилактикалық шаралар жалпы мемлекеттiк масштабта өткiзiледi.

Бүгiнде тұрғын-үйлер мен пәтерлерде өрттiң туындау мүмкiндiгiн арттыратын жанатын заттармен, синтетикалық құралдар және әртүрлi тұрмыстық техникамен жабдықталған, тiптi кiшiгiрiм алау синтетикалық материалдардың жануы кезiнде улы газдар бөлетiндiктен адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiредi.

Өмiрдiң жоғары ритмi, әрдайым уақыттың жетiспеуi — осы барлық факторлар тұрғын-үй секторында өрттiң туындау тәуекелiн арттырады. Өрттiң негiзiгi себептерi болып анықталды: сөнбеген жылыту құралдары, өздiгiнен жасалған жылытқыштарды пайдалану, мас күйiнде төсекте шылым шегу, балардың отпен ойнауы.

Өрт әрқашан әлеуметтiк бейiмсiз және сәтсiз азаматтардың кесiрiнен пайда болады. Мұндай адамдар мерекелердi өткiзудi жақсы көредi, содан кейiн өздерiнен қалған шылымдарды тастайды және электр құралдарын сөндiрмей ұйықтап қалады.

Аудан ТЖ бөлiмiнiң қызметкерлерi, азаматтарды өрт қауiпсiздiгiнiң қарапайым ережелерiн орындауға, кезектi қайталап шақырады. Сiздiң қауiпсiздiгiңiз Сiздiң қолыңызда. Өрт сөдiру қауiпсiздiгiне зинақорлық, сiз өзiңiздiң үйiңiз бен өмiрiңiздi сақтайсыздар.

Қайрат Сатабалдинов,
СҚО ТЖД Ақжар ауданы
ТЖ бөлiмiнiң бастығының м.у.а.
азаматтық қорғау подполковнигi

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
14 октября 2026
Ақжар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы туралы ХАБАРЛАМА
14 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы