Ұзақ байқау барысында, пешпен жылытатын үйлерде барлық өрттердiң 50% пештiң, тұрбаның дұрыс болмауынан және немқұрайлы жаққан кезде болатындығы анықталды. Дұрыс салынбаған пеш және тұрба оларда сызат пайда болумен шөгiндiнiң, саздың боялып бiтуiнiң және жапсарлардан басқа ерiтiндiлердiң пайда болуына әкеп соқтырады. Кiрпiштiң жарықшағы және қалаулардың жапсарлары арқылы шыққан газ бен от әсiресе ағаштың, құрылғының тез жануына әкеп соқтырады.
«Өрт түтiн шыққышта жиналып қалған күйенiң жануынан да болуы мүмкiн. Ағаш 300С жуық температураға дейiн қызған кезде оның тұтанатынын бiлу керек. Пештiң немесе тұрбаның түпкi қабырғасына жақын қаптағыш немесе еден салуға болмайды, олар тек бөлгiштiң шетiне дейiн ғана жету керек. Пештi салғанда жанғыш ағаш қабырғалардың немесе қалқалардың аралығында 130 мм дейiн бөлгiш жақтан ағашты қорғаумен аралық жасалады, ал ағаш пен «түтiн» арасындағы қашықтық 250 мм-ден кем болмауы керек. Еден астымен қандай да бiр пеш күлдiктерi қосылуларының болуына қатаң тыйым салынады.
Мiндеттi түрде төбенiң жоғары жағынан бастап пештiң жабынына дейiн 350 мм кем емес төбенi бөлместен арақашықтық қалдыру керек, ал төбенi бөлгенде 250 мм болу керек. Ол қарау, жөндеу және шаңнан тазалау үшiн ыңғайлы болуы қажет. Қандай да бiр пештiң оттығының алдындағы ағаш едендер екi қабат киiзбен немесе асбестпен бөлектенедi және мөлшерi 500 X 700 мм кем болмайтын болат жабынмен плинтустарды жабумен қапталады.
Пеш пен тұрбаларды жүйелi түрде қарау және де бұзылуларды жөндеу керек. Қыс уақытында әсiресе пештер мен тұрбаларға мұқият қарау керек, өйткенi оны көп жағады», — дейдi Өскемен қаласы ТЖ басқармасының мемлекеттiк өрт бақылау бөлiмiнiң аға инженерi Валентин Литвиненко.
Пештi қолданған кезде өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтамау себебiнен болатын өрттердiң алдын алу үшiн негiзгi ережелердi есте сақтаңыз:
Есте сақтаңыз, барлық өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен нормалары адам өмiрiмен жазылған және осы қандай да бiр нормалардың бұзылуы ерте ме кеш пе сiздi қайғылы оқиғаға әкелiп соқтыруы мүмкiн.

Ақжар ауданың ТЖ болiмiнiң
азаматтық қөрғау подполковнигi
Қайрат Сатабалдинов